«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі»
Н.Ә. Назарбаев
2017-2018 оқу жылында пән мұғалімдерінің ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту бойынша, тәжірибелерін жетілдіру мақсатында кәсіби қоғамдастық құрылып, қоғамдастық мүшелерінің міндетін бөліп алып, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші топ құрамы бірлесе отырып жоспар құрды. Мектебімізде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізілу алға қойылған мақсат болып отыр. Топ құрамы 17 адамнан тұрады, топтың атқаратын міндетіне қарай сабақ беретіндер, сабақты іштей бақылайтындар, сырттай бақылайтындар, реттеушілер деп қарастырған болатын. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған жинақ дайындап, «Деңгейлік тапсырмалар жинағын топтау» жұмысы қолға алынып жатыр. Деңгейлік тапсырмалар оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру үшін өте қажет. «»LESSON STUDY» үдерісі арқылы тізбектелен сабақтар топтамасы жоспар барысында қарастырылған болатын. Сабақтан үзінді:
Бұл зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже: пән мұғалімдерінің ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс тәжірибесі жетіледі. «Рефлексия алаңы» барысында да пән мұғалімдерімен кері байланыс жасау арқылы тәжірибесіндегі өзгеріс деңгейіне бағалау жасалады. Пән мұғалімдері тақырып бойынша мастер-класс көрсетіп, тәжірибе жетілдіреді. Пән мұғалімдері зерттеудің қорытындысын шығарады, жоба жасайды.
Маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі. Ұстаз – мектептің жүрегі, сол себепті мұғалім әрдайым ізденіп, тынбай еңбектенсе ғана елдің ертеңі болатын жас ұрпақты сауатты да саналы, әрине, ең бастысы тәрбиелі етіп шығаратынына сенімім мол.
Жаксылыхова Гулназ Нурмуратовна
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі