Home » Жаңалықтар » Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған І Республикалық конференция

Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған І Республикалық конференция

 

         

 Астана қаласының әкімі А.О. Исекешев және Қазақстан Республикасы Балалар құқықтары жөніндегі уәкілетті З.Я. Балиеваның қолдауымен «Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» бағдарламасы аясында ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған Астана қаласында І Республикалық конференциясы бастау алады.

Конференцияның ұйымдастырушылары «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы.

Конференцияның мақсаты – үкіметті емес ұйымдар мен ата-аналар қоғамдастығын қосып алаң құру, біздің еліміздің толыққанды азаматы ретінде ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау.

Ата-аналар конференциясының серіктестері «Жұлдызай» корпоративті қоры, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ, «Дара» қоғамдық қоры, «Асыл мирас» қайырымдылық қоры, «Болашақ» қайырымдылық қоры.

Шараның бағдарламасында үкіметтік емес ұйымдардың ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша жұмыстарының нәтижелері таныстырылады.

Сонымен қатар, конференция соңында Астана қалалық білім, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт, коммуналдық қызметтер, ішкі саясат, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері ата-аналарға арналған жеке кеңес жүргізеді.

Қазақстандық мектепке дейінгі білім беру ассоциациясы

Өтетін күні: 14 қазан 2017 жыл

Басталатын уақыты: сағат 10.00

Өтетін жері: Астана қ., Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы көшесі, 5

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.