Қазіргі таңда инклюзивті білім беруге айрықша көңіл бөлінуде. Қынжылтары — ерекше балалардың жыл сайын санының артып келуі. Біздің бөбекжай да назардан тыс қалдырмай, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға логопед, дефектологтардың көмегіне жүгініп, мектепке дейінгі білім алуына бар жағдайды жасауда. Соның бір жарқын көрінісіндей №29 «Балауса» бөбекжайында «М.Монтессори және В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық оқу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО ПҚБАИ курс тыңдаушыларына арналып оздырылған семинар. Ерекше білімді қажет ететін балалармен оқу-тәрбие үрдісінде түзету жұмыстарының түрлерін ұйымдастыруда тәжірибе алмасу және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатымен таныстырып өткен бөбекжай директоры Г.Г. Кубалиеваның алғы сөзінен соң, Ф.У. Нурмакова, А.Мұса, С.Б.Рахметжановалардың жетекшілігімен дайындалған бүлдіршіндердің сазды сәлемі жалғады. «Ертегі әлеміндегі жануарлар» тақырыбында өткен Н.Н.Филимонова мен А.Ғ.Аққалиеваның «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісі бойыншы құрылған оқу қызметі достықты дәріптесе, педагог-психолог А.К.Жалмуханованың «Сиқырлы құм елі» атты жұмысындағы арнайы топ балаларының қабілет қарымы көңілге қуаныш ұялатты. Логопед А.Х.Айтюрина «Мейірімге бөленген күшік» тақырыбында күнделікті атқарылып жүрген арнайы түзету жеке оқу қызметінің бір күндік жұмысымен таныстырды. Шеберлік сағатын Л.В.Масеева «Развитие речи по методике М.Монтессори» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балаларды ойнай отырып, ойлай білуге үйрететін тиімді технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. №3 «Елочка» бөбекжайының тәрбиешісі О.Ю.Шуругина сурет салудың дәстүрден тыс түрімен бөлісіп, қатысушыларды бірге жұмыстандырып, шығармашылық қоржындарын кеңейтті. Баланың ұсақ моторикасын дамуына, қарым-қатынасқа түсуі мен психологиялық қабілеттерін дамытуға бар күшін салып жүрген ұжым жұмысын, жиын соңында сөз алған курс тыңдаушылары жоғары бағалады. Иә, бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде бөбекжай мен отбасы ынтымақтаса бірлесе қызмет атқарғанда ғана жұмысымыз нәтижелі болары анық. Лайым солай болғай!
ЖҰЛДЫЗ Есенаманова
Ағылшын тілі маманы