Home » Бастауыш » Ерге құрмет — Елге құрмет!

Ерге құрмет — Елге құрмет!

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл!
Айтуға оңай, бірақ от пен өрттің ортасында болған азаматтарымыздың көзімен қарасақ, мүлде басқаша…

Жат елде елге тірі қайтуы белгісіз  арпалыспен өткен күндер  оңай ма?!

Намыс пен жігерді ту етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырларымызға құрмет көрсетуге алдындағы шәкірттерін тәрбиелеу- әр ұстаздың міндеті.

Осыған орай, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сыныбында « Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран » тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге ауылымыздағы Ауған ардагері Жамалов Мәжит Байжікенұлы шақырылды.

Кездесу барысында оқушыларға Ауған соғысы жайлы видеожазба көрсетілді.Азаматтарымыздың Отанынан жырақ жерде бастарынан қандай қиындықтар өткізгенін оқушылар көре отырып, мәліметтер алып,түйсіне білді.

 

Оқушыларға  слаид түрінде Ауған ардагері Мәжит Байжікенұлы туралы таныстырылды.Онда әскердегі, Ауған жерінде жолдастарымен түскен кезі, отбасы туралы және осы жылдың 15- ақпанындағы аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен игілікті іс-шарадағы марапаттаулары, яғни облыс әкімінің « Алғыс хаты », 100000 теңгенің сертификаты, мерекелік төсбелгісі берілгені және Ауған ардагерлеріне арнап ашылған ескерткіші көрсетілді.

Ауған ардагері М.Байжікенұлының батырға лайықты өмір жолымен танысқан оқушылардың қызығушылықтары сауалдар қоюмен жалғасты.Ардагеріміздің мәнді де мағынасы зор әңгімелері оқушылардың бойында патриоттық рухты оятуға негіз болды деуге болады.

Кездесу соңында оқушылардың орындауында патриоттық әндер шырқалды. Оқушылар өздерін өз Отанын, елін, жерін сүйетін патриот болуға шақырған ардагер әкелерінің ерлік жолына бас ие отырып,тілектерін айтты.

Оқушылар ескерткіш ретінде Ауған ардагері М.Байжікенұлымен суретке түсті.

 

Акпарова Анар Қуанышқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынтымақ ЖОББ мектебі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.