«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Өткен ғасырдағы алапат зұлмат — қазақ даласының ядролық сынақ айналуы еді. Бұл енді біз де,біздің ұрпақтарымыз да ешқашан ұмыта алмайтын қасірет. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Орталық Азия аймағы аясында Қазақстан ядролық қауіпсіздікті нығайту, ядролық материалдардың таралуына жол бермеу және ядролық лаңкестікпен күрес жөнінде өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлеуге бастамашы болды.
Ол Қазақстан Республикасының бұрынғы Семей облысының, Павлодар, Қарағанды облыстарының шекарасында, Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан болатын. Полигоннан жалпы барлығы 304 000 шаршы шақырым аумақ зардап шекті. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей полигонында әуеде және жер інде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Қазақ даласының 300 мың шақырым жері ядролық жарылыстан уланып, 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен. Мұның бәрі жалаң фактілер емес. Дәлелденген, әдемі мойындаған деректер. 25 жыл уақыт өтсе де, жарылыстардың жаңғырығы, 100 мыңдаған адамның тағдыры әлі есімізде. Сырқаттарға шалдығып, толық айыға алмай жүрген азаматтар арамызда әлі де бар. Мемлекет тарапынан қаншама жағдай жасалғанымен, жазылмайтын жара деп айтуға болады.
Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен берік ұстанымының арқасында келген тыныштықтың мерзімі еді. Міне, бүгін Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін мектебімізде Егіндібұлақ өңірінде дүниеге келген, қазақтың талантты суретшісі, атын әлем таныған еліміздің бетке ұстар азаматы – Күйіков Кәріпбекпен «Өнерлі өрім тоқып, қамшы істейді» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Муханбетжанова Нургуль Рысбековнаның ұйымдастыруымен өтті. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларымызды жерлес суретшінің шығармашылығымен терең таныстырып, кіші буын бауырларға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесуге
4 «В» сынып оқушылары да қатысып, Кәріпбек ағаларына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, батыр ағаларымен суретке түсті.
1) Өзіңіздің туған жеріңіздің табиғатын өз суреттеріңізде бейнелейсіз бе?
2) Әр салған суреттеріңіз өз көңіліңізден шыға ма? Кездесуден оқушылар үлкен сезіммен, өздеріне деген мол сеніммен қайтты.
Кәріпбек Күйіков: «Ата-анам полигон сынақтарын өз көзімен көрген »деп сөзін бастап, бүкіл әлемді саяхаттап, адамдарға ядролық сынақтардың адамзат өміріне қандай әсер тигізетінін әсерлі әңгімелеп берді. Туғанынан қолы жоқ болса да, қылқаламды тісімен немесе аяқтарының башпайының көмегімен серік еткен суретшінің туындыларына әлем елдері әлі күнге дейін таңырқатып келеді. Оқушылар бұл кездесуден өздерінің елiмiздiң болашағы еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты екенін ұққандай, керемет әсерде тарасты.
Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады.
Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы,
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан
атындағы №76 ЖББОМ