Home » Мақалалар » Ел  тірегі  болған  ер

Ел  тірегі  болған  ер

 

О, Замандас, соларға бір қараңыз,
Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.

                                                                        Жұбан Молдағалиев

«Патриот болу — өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өз тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей, нағыз патриот бола алмайсың».деген
ХХ ғасырдың көрнекті ойшылы  А. Тоинбидің: «Өткен шақ өлмейді, ол әлі тірі және осы шақта өмір сүріп жатыр» деген тұжырымынан біз өз тарихынан келелі сабақ алған ұлттардың ғана өміршең болмағын ұғынамыз.Сондықтанда тәуелсіздігімізді мәңгілік ету бағытында тарихымызды дұрыс қалыптастырып, ұмыт болған жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздың  аяулы есімдерін қайта тірілтіп, олардың жарқын істерін халыққа дұрыс насихаттай білуіміз керек.
Сондай жайсаңдарымыздың бірі, Тыл ардагері Жұмабеков Нұрмаханбет Бижанұлы атамыз  туралы айтпақпын

Айтпағымыз — Жұмабеков Нұрмаханбет Бижанұлы кім еді?

Нұртай  Бижанұлы  1919  жылы  қазіргі  Арыс  қаласына  қарасты  Шөгірлі  елінде, қазіргі  аты  да  Шөгірлі  ауылында  дүниеге  келеді.  Шөгірлі   халқы  туған  жерді  тастап  шамасы  келетіні  Сыр  өзеніне  өтіп  қызылқұм құмы   арқылы  көршілес  Өзбекстан, Тәжікстан  республикасының  жеріне  қоныс  аударса, қалғаны  Мырзашөл  өңіріне  Сарыағаш  ауданының  территориясына  Арыс  станциясына  барып  қоныстанса,  халықтың  бір  бөлігі  сыр  бойындағы Тақыркөл  артеліне  орналасады. Жас  Нұртай  бауырларымен  Жылға  станциясына  қоныс  аударып, осында  бастауыш  мектепті  бітірген.  Сарыағаш  ауылында  мал  дәрігер  техникумын  бітіріп,  Тақыркөл  ауылына  қарасты  мал  ауылдарға  ветеринар  болып  орналасады.

1943 жылы  Қожатоғай  ауылы  Шеңгелді  ауылдық  кеңесіне  бөлініп шығып өз алдына жеке шаруашылық құрғанда  Нұртай Бижанұлы сол кездегі Қожатоғай  кеңшарының  директоры  Бредихин  Михаил  Ефимовичтің кеңесімен  ферма  құру  қажеттігін, фермаға  халық  керектігін  ойласа  келе  колхоздастыру  жылдары  тарыдай  шашылған  Шөгірліден  көшкен  халықты  жинап  қазіргі  Байтоғай  ауылының  орны  таңдап  алынып, орналастыру  мақсатында  жалындаған  жас  Нұртай  қажырлы  еңбегінің  арқасында  Өзбекстан, Тәжікстан, Сарыағаш, Арыс, Мырзашөл, Қызылқұм  өңіріндегі  ағайындарды  жинауға  белсене кіріседі. Сыртта, бөтен  елде  жүрген  халық  бұрын  соңды  үйренбеген  кәсіптен , туған  жерге  деген  сағыныш  сезімі  жеңіп, кіндік  кескен  елін  аңсаған, қой  бағып, көкпар  тартқан  жерін  аңсаған, туған  туысқанын  сағынған  халық  елге  көшуге  себепкер  болған  жас  көшбасшысы  жас  Нұртайдың  соңынан  ілесіп  көшіп  келеді.Көшіп  келген  халықты  орналастыру  оңайға  соқпайды. Көшіп  келген  адамдардың  орналасқан  кепелерінің  орыны  әле  осы  уақытқа  дейін  сақтаулы. Көне  көз  қариялар сол  кездегі қиыншылықты  Нұртай  Бижанұлының  ұйымдастыру  қабілетін, еңбекқорлығын, қамқорлығын  жыр  қылып  айтып  отырады. Халықтың  туған  елге  келіп, шаруашылықтың  өркендеп, бұрынғы  Одаққа  белгілі  Қожатоғай  кеңшарының  соның  ішінде  Байтоғай  ауылының  құтты  қонысқа  айналуына  Нұртай  Бижанұлының  еңбегі  орасан  зор.

Бабалардың ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, төбемізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұрған кезде, барымызды бағамдап, жоғымызды түгендеп жатырмыз.
Нақысбек шешен кезінде:
«Әуелі Құдай жерге береді,
Жердегіні елге береді.
Елдегіні ерге береді,

Ерге бергенде, төккен терге береді » —  деген екен. Яғни, сүйенішің күшті болса, сүйек жұтсаң да қақалмайсың. Ал халықтың негізгі сүйеніш, тіреуіші – елім деп соққан адал жүрек иелері, себебі елдің елдігі ерінен болады, байлығы жерінен болады. «Жақсыдан жақсы туса игі,ата жолын қуса игі»деп дана сөзе айтылғандай. Осындай еңселі өр тұлға Нұртай атамыздың  перзенті Хадиша Нұртайқызы  алған саналы тәлім тәрбиесімен  сапалы білімі ала білді.  Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру»атты бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа қалаң мен  өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады,осы сөзді негізе ала отырып,
«Туған жер» -деген болатын.Осы бағдарламаны қолдай отырып,туған өлкесі Байтоғай аулында спорт кешені ашылуына «Бижан»компаниясының  Президенті  Нұртай  атаның аяулы қызы Хадиша Нұртайқызы демеушілік жасап салдырып берді.
Туған жерге деген сүйіспеншілігі, артынан  еріп  келе жатқан ауыл балаларының денсаулығын жақсартуға,  спортқа деген қызығушылғын  артуына өз үлсін қосып жастарға тың серпін берді. Туған елі барда, ержүрек ұлдары мен қыздары халық жанында мәңгі сақталады. Ал ержүрек ұлдары мен қыздары тұрғанда, туған елдің де, туған жердің де тұғыры мәңгі асқақтай бермек.

 

Қожабек  Тоқтархан Жорабекұлы,
Түркістан облысы, Арыс қаласы
Байтоғай ауылы М.Маметова атындағы
шағын жинақты жалпы орта білім
беретін мектебі
11 сынып оқушысы
Жетекшісі
Усманова Дина Мукановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.