спорттық сайыс
Сайыстың мақсаты: Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру
Барысы: Салеметсіздер ме? Құрметті ұжымдастар және балабақша тәрбиеленушілері 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Ел ертеңі-салауатты ұрпақ» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер. Олай болса жарысқа қатысушы командалармен таныс болайық.
1-ші команда «Сұңқар» тобы
Топ басшысы: Сарсен Айзере
Ұранымыз: Көк аспанда қалықтап
Сұңқар тобы тек алға.
Шарықтай бер, шарықта!
2-ші команда «Тұлпар» тобы
Топ басшысы: Қадырхан Жазира
Ұранымыз: Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек тасымаймыз
Бірлігіміз жарасқан,
Тұлпар тобынан жалынды сәлем!
Бүлдіршіндер бүгінгі жарысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге сәттілік тілейміз. Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздіктің тұғыры биік, еліміз тыныш, мерекеміз құтты болсын.
Қазақстан Республикасының гимн
Енді сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс болайық.
Балабақшамыздың әдіскері: Кащиева Айман Бердіхановна
Балабақшамыздың кір жуу операторы: Жазықбаева Марияш
Бейнелеу өнері маманы: Джувбаева Балзияш Уразбаевна
Әр кезең сайын әділ-қазылар өз бағасын береді.
Балалар бүгінгі сайысымыз ерекше өтуі үшін бізге қонаққа Қалқанқұлақ және оның досы Жеңілаяқ келіп тұр.
Желаяқ пен Қалқанқұлақ
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
- «Пингвин мен үйректер сайысы» ойыны
- «Жас спортшылар» ойыны
- «Қаппен секіру» ойыны
- «Картобыңды егіп кел» ойыны
- «Арқан тартыс» ойыны
1-ойын «Пингвин мен үйректер сайысы»
Шарты: балалар қолдарына су толтырылған шелекті ұстап, пингвин мен үйректің іздерімен жүріп, межеде тұрған шелекке суды құйып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген және шелектегі су мөлшері көп болған топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау
2-ойын «Жас спортышлар»
Шарты: балалар кедергілердің арасынан допты жерге ұрып, белгіленген межені айналып, кері тура бағытта допты ұрып қайту. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
3- ойын « Қаппен секіру»
Шарты: Қалташамен секіріп, белгіленген межеден айналып, қайтадан тура бағытта секіріп келу. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау
4-ойын «Картобынды егіп кел»
Шарты: Балаларшашылып жатқан картоптарды кедергілер арасынан жүгіріп өтіп, белгіленген жерге егіп келу.Бағалау.
5-ойын «Арқан тартыс»
Шарты: екі топ арқан тартысады. Бағалау
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соны келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық канекей,
Әділ-қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ-қазы алқаларына беріледі.
Дене шынықтыру маманы Картбаева Н.Е.