Тараз қаласының №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында жас мамандар арасында «Үздік жас маман-2018» байқауы өтті. Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған байқау төрт бөлімнен тұрды.
Өзін-өзі таныстыру бөлімінде Әбітаева Айгерім сөз ұшқырлығының арқасында топтан оза шықты. «Білікті маман-ел тірегі» бөлімінде латын әліпбиінен «Рухани жаңғыру » тақырыбында диктант жазудан барлық сайыскерлер жоғары ұпайға қол жеткізіп, көрермендерді таңқалдырды. «Артық болмас білгенің» бөлімінде заман талабына сай әр түрлі лайфхактар көрсетуден Бошай Әсел мен Умирзакова Меруерт көзге түсті. Ал «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде мың бұралған биімен Амангелдиева Торғын мен Миллионова Зере көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлай білді.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін-деп жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен екен.Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін осындай жастарымыз көп болғай!
Крымбаева Гулназ Нурдановна
№18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасының
І санатты тәрбиешісі,
Тараз қаласы