Көгінде көкбайрағы желбіреген Қазақ елі – менің Отаным! Қазақстан — табиғаты бай, даласы дархан, көркейіп, гүлденген әсем қалалары көп бейбітсүйгіш мемлекет. Оның дамыған 50 елдің қатарына қосылуға жасаған талпынысы, «EXPO — 2017» халықаралық мамандырылған көрмесін өткізуі – зор жетістік әрі мақтаныш деп білемін.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтылмаса керек. Еліміздің ертеңі – қазіргі бүлдіршіндеріміз бен жасөспірімдеріміз. Бүгін біз оларды қалай тәрбиелесек, ер жеткен соң, олар да сол тәрбиені өзгелерге үйрететін болады. Демек, ұрпақтар тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды. Баланың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі отбасынан басталады. Кішкентайынан дұрыс тәлім алған бала есейгенде, Отан, халық деген ұғымдардың мағынасын тереңнен түсініп, оны қадірлеп, қастерлейтін болады. Ал, біздің қазіргі мақсатымыз: балаларға ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды, ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттап, қоршаған ортаны аялап, қорғау қажеттігі туралы түсінік беру, іс-шараларды барынша мазмұнды етіп өткізу.
Айнур САРТАЕВА,
«Балапан» бөбектер бақшасы» КҚМК тәрбиешісі,
Ақсу қаласы Павлодар облысы.