Сарсекенова Айсұлу Бағытқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы ПҚБАИ,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының
аға оқытушысы
Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізіп, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде.
Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер, дүние өзгерістері бізді де толғандырады.
Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. «Ел болашағы– білімді ұрпақта». Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі өзгерістер білім мен тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
-бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.
-бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» болуы.
-оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Тәсілдер оқу үдерісі тақырыптың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сондықтан,
оқу үдерісі ойлаудан тұруы және ми құрылымында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс болуы шарт.
Мұғалімдердің негізгі күш-жігері тәжірибелік жолмен жүзеге асатын танымдық іс-әрекетті белсендіру әдіс-тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Оқыту үрдісінде оқытушы белсенділігінің орнына оқушы белсенділігі артуы тиіс, ал оқытушының мақсаты – оқушылардың қабілеттерінің шыңдалуына мүмкіндік жасау.
Оқыту әдістері бүгінгі күні де даму үстінде.Қазіргі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында оқытудың заманауи әдістеріне ерекше мән беріледі.
Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындата түседі.