Мақсаты: шешендік сөздің алуан сипаттарын, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу;ихалқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра eкендігін таныту; Оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту; шығармашылық ізденіске бағыттау; халықтық мұра — шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сaқтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс Көрнекілігі: қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық, сайыстың шартын түсіндіру, әділ-қазылар алқасын тағайындау. 2. Оқушыларды сайыс кезеңдерімен таныстыру. І кезең таныстыру «Таныстырып алайық өзімізді, Нық айтып шешендік сөзімізді» ІІ кезең Сахналық қойылым «Өнерімді сахнада шыңдаймын, Шешендік сөз иелерін сомдаймын»
1-Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау — парызым бүгін менің! — дей отырып, «Ел билігін басқарған шыншыл билер» атты сайысын ашуға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші:
Ақталған ақ арманы, үміттері, Қашан көрсең жүреді күліп тегі Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері
Сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.Сайысқа барлығы 7 сынып оқушылары қатысады.
1-топ 3 «А» сынып оқушылары
2-топ 3 «Ә» сынып оқушылары
3-топ 3 «Б» сынып оқушылары
4-топ 3 «В» сынып оқушылары
5-топ 3 «Г» сынып оқушылары
6-топ 3 «Ғ» сынып оқушылары
7-топ 3 «Д» сынып оқушылары
1-Жүргізуші:
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой саналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады. Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. ……………. 2. …………… 3. ………….
2-Жүргізуші:
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған, Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? — сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік. Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
І кезең Таныстыру «Таныстырып алайық өзімізді, Нық айтып шешендік сөзімізді» ІІ кезең Сахналық қойылым «Өнерімді сахнада шыңдаймын, Шешендік сөз иелерін сомдаймын» 3 Д сынып оқушысы Ақтамберлі жырау толғауынан үзіндіні қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
«Таныстырып алайық өзімізді, Нық айтып шешендік сөзімізді»-дей отыра таныстыру кезеңінде әр топ өздерін таныстырып өтеді.
1-топ 3 «А» сынып оқушылары
2-топ 3 «Ә» сынып оқушылары
3-топ 3 «Б» сынып оқушылары
4-топ 3 «В» сынып оқушылары
5-топ 3 «Г» сынып оқушылары
6-топ 3 «Ғ» сынып оқушылары
7-топ 3 «Д» сынып оқушылары
2-Жүргізуші:
«Өнерімді сахнада шыңдаймын, Шешендік сөз иелерін сомдаймын» демекші әр топ сахналық қойылымын қояды.
1-топ 3 «А» сынып оқушылары «Төле бидің төрелігі»
2-топ 3 «Ә» сынып оқушылары «Бала Әйтекенің билігі»
3-топ 3 «Б» сынып оқушылары Байдалы би «Алыста не алыс?»
4-топ 3 «В» сынып оқушылары Әз Жәнібек «Дүниеде не өлмейді?»
5-топ 3 «Г» сынып оқушылары Бала Төле би
6-топ 3 «Ғ» сынып оқушылары»Қазыбек бидің толғауы»
7-топ 3 «Д» сынып оқушылары Қазыбек би
2-Жүргізуші:
Әділ-қазылар сайыстың бағасын қорытындылағанша 3 А сынып оқушыларының әнін қабыл алыңыздар
1-Жүргізуші:
«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды»- деген екен ғұлама жазушы М. Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеу — бүгінгі күннің талабы.
2-Жүргізуші:
«Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата бабамыз «От ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан астында тақпақтап айтқан ақыл — нақылға толы толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, кейінгі ұрпағына мирас еткен. Бүгінгі «Ел билігін басқарған шыншыл билер» атты сайысы осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!
Абикаева Жайнагуль Галымовна
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы