Home » Жаңалықтар » Ел бастаған-Елбасы

Ел бастаған-Елбасы

1 желтоқсан — ел үшін маңызды күндердің бірі. Себебі, осы күні қазақстан халқы «Тұңғыш Президент күні» мерекесін тойлайды. Бұл күндері еліміздің түпкір –түпкірінде қазақстандықтардың шынайы және кең қолдауына ие болған мереке аталып өтіледі.Осы мерекенің құрметіне орай Астана қаласы №56 «Береке» балабақшасында бір апталық іс-шаралар жоспары ұйымдастырылып өз кезінде өткізілді.
Атап айқанда балабақша ата-аналары белсене қатысқан «Менің Президентім » сурет көрмесі.«Елімнің тұңғыш Президенті!» 1-2 кіші ортаңғы топтар арасында видео –слайд таныстыру жұмыстары өткізілді. 1-желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті ересек топтар арасында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірі, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыруды мақсат еткен шара.
Мерекелік концерт ересектер топ тәрбиешілері А.Ш. Ибрагимова,С.У. Мелибекованың ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік концерттің ашылу рәсімі балабақша меңгерушісі Г.А.Алипбаеваның бүлдіршін балаларға арнаған жылы лебізімен  басталып, әдіскер В.А. Мустафаеваның тәрбиешілермен балаларға арналған тілегімен жалғасты. Мерекелік концерте балалар әсем ән, мың бұралған билерін  билеп, тақпақтарын айтып берді.

Тұңғыш Президент күніне арналған іс шараны мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері. Абдыкаимова Б.Қ., Ахметова Г.Г, Жусупбекова А.И «Ел бастаған-Елбасы» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері жалғастырды.Дене шынықтыру нұсқаушысы Усербаев А.Б ұйымдастырумен «Денсаулық күні»: «Біз мықтымыз,өнерліміз» спорттық іс-шаралар өткізіліп, шынығып қалды. Аталмыш шаралардың барлығы Елбасы Жолдауындағы «Болашаққа  бағдар рухани жаңғыру»бағдарламасының іске асу жолында өте маңызды бастама деп білеміз.

В.Мустафаева,
Балабақша әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.