Home » Мақалалар » Ел ағасыз болмас…….

Ел ағасыз болмас…….


 

 

 

 

Т.Жүргенов атындағы мектеп — интернат колледжінің шежірелі тарихы бар. Мектеп өмірінде өзіндік орны бар мінезі жайсаң, көкірегі нұр сәулеге тұнған, жаны таза, ізденгіш,еңбекқор адамгершілігі мол азамат Ұлықбек ағамыз еді. Жас жеткіншек жамандық пен жақсылық, әділет пен әділетсіздікті ерте ойланып, осы сұрақтарға жауапты ата — анадан, ұстаз бойынан іздейді. Осындай сұрақпен осы жылдардағы сұраққа жауапты Ұлықбек ағамыздың бойынан кездестірген сияқтымыз. Бұл күнге қарай өсетіні сияқты балада алдындағы ұстазына, ересектерге қарап еліктеп өседі. Осы орайда өнерге белсенді түрде араласып жүрген, айналасындағы алаш баласын қамқорына алып, өнер жолы жіңішке жол екенін дер кезінде, болар баласына түсіндіріп, өнер иесі етіп артына із қалдырып кеткен ағамызды сүйсіне еске аламыз. Сол кездегі кішкене сәби мальбертпен бой таластырған шәкірттердің айлы жүзі ерекше сүйсінерлігі даусыз ғой шіркін.

Сосын сол жылдардағы балалар да өзгеше. Ал сол кезде одақта 4 -сыныптан қабылдайтын бірден — бір мектеп еді. Бұл мектеп Москва, Ленинград, Киев қалаларындағы тереңдетіп білім беретін арнаулы республикадағы бірден – бір оқу орны. 1977 ж. салынып 1988 ж. қыркүйекте аяқталып пайдалануға берілді.

Шәкірт білімнің терең сырына үңілсе, ұстаздар шабыттана еңбек майданын игергені еді. Осы сөзден жұмыстарына соншалықты берілген балалар, қоңырауға еліктейді. Балалар сыртқа шықты.

Бір топ бала Нұрсұлтан Әбішұлын көріп, мерзімді уақыт бітіп қоңырау соғылғанын көретін емес, шуылдасып аталарымен қабатта бірге көтерілмесі бар ма?

Қазіргі Елбасы сол кездегі партия қызметкері өнердің қара домалақ балаларымен мәре — сәре интернат ішінде, асыл арманның есігін ашқан, болашақ иелерімен өмір өзенінің ескегін есіп  жүрген іспетті.

Қай уақыт мезгілінде болсын, мекпептің іші толған өнер иесі болды. Ұлықбек Шарахынұлы өмірінің ішінде ізденбеген, ұмтымаған, жаңалыққа бой ұрмаған уақытты болмаған.

Ол Ә.Қастеевтің өнері мен өмірін өзіне пір тұтқан. Қас шеберліктің арқасында өнер жолында қылқалам арқасында көптеген табыстарға жетті. Өзімен бірге қоғам тазалығын, өз жұмысына арқау етті. Қоғам жұмысы мен шеберлікті қоса алып жүрді. Өз шәкірттерін өзі сияқты қоғам тазалығына, еңбек құқығының заңдылықтарына  үйретіп  кетті.

Біздің ағамыз бізбен кішкентай бала болсақта үлкен адаммен сөйлескендей әңгімелесіп, бізбен бірге жүретін еді, өте қарапайым адам еді, — дейді шәкірттері. Ұлықбек Шарахынұлы «Бейнелеу өнері» атты оқулықтың авторы болды. Бейнелеу Алматы колледжін басқарып, кейіннен іріленіп Академияға айналған оқу орнына ректор болып, жасөспірімдерді тәрбиелеуде ұзақ жылдар еңбек етті.

Біздер ұстаздар үшінде шәкірттеріміз үшінде — мектебіміз, колледжіміз үлкен өнер ордасы. Біздің колледжде шебер, өнерге ынтызар шәкірт көп, тек олардың жол ұясына тереңірек үңілу керек.Осы тұста Ұлықбек ағамыз өзінің шәкірттерін орынды, дәлелдеп даярлап кеткен тәрізді.

Осы колледжіміздің басшысынан бастап ұстаздар қауымында және шәкірт саласында сол кісінің тәрбиесін алған абзал азаматтар мен қыздар. Олардың қатарында Нұрдаулет Еркінұлы Исабек, Нұрғалым Исабаев, Айгүл Хакімжанова, Р.А.Идельбаева, Г.А.Матвеева, Г.К.Ибраева,А.Н.Накипова т.б.

Абай атамыздың айтқан: Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған, — демекші Ұлықбек Шарахынұлының әріптестері, шәкірттері осы бір ұлыстың ұлы күні еске алғанда байқалды. Жақсылықты артына мол етіп жинап ісін өлместей тап — тинақтай етіп өзі  кетсе де бақ дәулетке жолығып отыр.

Осы жолда жасымыз құрдас емес, заман құрдас дегендей, сол заманның азаматтары жаңалықты тез қабылдағыш, қиын болса да, ашуға бас білдіруден,үйренуден жалықпайтын «тұлға» дер едім.

Ұлықбек Шарахынұлы 1950 жылы Жаркент қаласында туып, 1966 жылы орта мектепті бітіріп, 1973 жылы Шымкент мемлекеттік педагогика институтын бітіріп, үздіксіз еңбек ете отырып 1988 жылы Республикалық көркемсурет мектеп – интернатын 1991 жылы Республикалық көркемсурет колледжін, 1983 жылы (маусым  айында) Қазақ мемлекеттік академиясын ашты.

1993 жылы маусым айында академия ректоры болып тағайындалды. Академиялық оқыту жүйесінде «орта мектеп — арнаулы орта жоғарғы оқу орны» принципін енгізген еді. Бұл Қазақстан бойынша үздіксіз көркемдік білім жүйесін ұйымдастырудың жаңа басталған бағыты болатын.

Астанадағы киіз үй секілді Президенттің мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып  кетті. Тәуелсіздігіміздің ірге тасын қалаумен бірге, өзі сол мұражайды 2000 жылы маусым айынан бастап, құрылыс алаңынан көз алмағанша көзімен көрді.

Қоғамда айтарлықтай дәйекті, маңызды жұмыс жүргізе білген тұлға еді. Қысқасы заманауи талаптарына тынбай еңбек етіп ат салысты.

Ұлықбек Шарахынұлы! Досына, шәкірттеріне адал – имандылық, әдеп, ұлттық мінез нышандарын бойына сіңірген – дүниежүзілік мәдениетке жан – тәнімен еңбек еткен — Тарихымыздың терең бәйтерегі  —  «Аполлон залында»

«Алтын адамды» эрмитажға қойылғанын көріп, ат салысып кетті.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің  негізін салушы, алғашқы директор Ұ.Ш.Ибрагимовке арналған шеберхана ашылу салтанаты 28.01.2014ж.өтті. Ұ.Ш.Ибрагимовке арналған шеберхана ашылды. Фото көрме қойылды.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінде 24 қараша 2018 жылы күні кітапхана залында — Колледжіміздің 30 жылдық торқалы тойына байланысты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек үстелдің жұмыс жоспары тікелей колледждің ұстаздары мен шәкірттері туралы әңгіме болды. Бұл шараға мектеп-интернат колледж басшысы Зура Жұмахметқызы Жұмахметова колледж өміріне қатысты бірсыпыра пікір айтты. Осы колледж ашылған кезден бастап, жұмыс жасап келе жатқан ұстаздар мен шәкірттер қатары баршылық  .

Іс-шараға қатысқандар:

1.Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің басшысы: Зура Жұмахметқызы Жұмахметова –ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

  1. Такен Жамиля Т. – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 1988-2001 жылдары колледждің сурет өнерінің бөлім меңгерушісі және СССР-дің жаңа аттары сыйлығының лауреаты.
  2. Жуваниязова Г. ҚР Суретшілер Одағы мүшесі, А.Қастеев атындағы музейдің ғылыми аға қызметкері.
  3. Хакимжанова А. ҚР Суретшілер Одағы мүшесі, Халық ағарту қызметінің үздігі.
  4. Алиев Дулат ҚР Суретшілер Одағы мүшесі, Ш.Уалиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
  5. Мырзахметова Х.Р. ҚР Суретшілер Одағы мүшесі, Ш.Уалиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
  6. Көшен Ж.К.- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің оқытушысы.
  7. Матвеева Г.И. — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің оқытушысы, Халық ағарту қызметінің үздігі.
  8. Себепова К.Е.- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің оқытушысы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Журналистика Одағының мүшесі.
  9. Жармышева Г.- магистр, мәдениеттану оқытушысы.
    11.Ауезов М. – шәкірт,  «Деловая  неделя » газетінің редакторы.
    12.Байзақов Сабыр – шәкірт, тележүргізуші, доктор РhO.

В.Г.Белинскийдің «Ұстаздардың қолында адам өмірінің келешектігі тұтас  тағдыры тұр» — деген сөзі,  Педагог шығармашылықпен өзін-өзі дамытушы зиялы тұлға — мәдениет адамы. Сол тұлға — Ұлықбек Шарахынұлы Ибрагимов еді.Ұлықбек Шарахынұлы баланы жақсы көрді – балаға мұғалімнің тұлғасы ерекше әсер етеді, Ұстаздың бойында мейрімді, сезімтал, әділетті, талап қойғыш іске, шығармашылыққа жауапты қарау, осының бәрі — Ұлықбек ағамен еңшілес болыпты. Дамыған елдерде ұстазға бала қызыға қарайтын – осындай болсам екен деп,есептейтін ұстазды қадірлейді екен. Мен айтар едім, біздерде бұрын мұғалімге қарап еліктедік емес пе? Өйткені, ұстазы балаға сүйіспеншілікпен қараса жақсы білім алады.
Ұлықбек Ш. Тек шәкірт емес, әріптестеріне де сүйіспеншілікпен қарап оған үйретуден жалықпаған. Осы ұстаздан тәлім алған шәкірттері елімізде жетістікке, табысқа жетуде.
Ал осы білім қазір — «Рухани жаңғырудың басты шарты».
Оқытуда  бағдарламаны  — сыни  ойлау, іздену, уақыт  талабына  сәйкес.
Біздің  колледжіміздің   ұстаздарының  ұстанымы  да  осы.
Бұл  отырыстың  негізгі  мақсаты  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі мен нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой, салиқалы  пікір батыл  шешімдерге  құрылған  құжат. Сондықтан  дөңгелек  стол  төңірегінде  шәкірттің  санасын жаңғырту және Президенттің  5  бағытын  талқылай  келе,  бәсекеге  қабілетті  білім, өнер  саласының  салтанат  құруын  тілге  тиек  етті.
Ұстаздар мен шәкірттер өзара пікір алысты, ұстаз шәкірт бойына кішіпейіл, жүректі, намысшыл, еңбекқор дәнектерін егумен бірге, адамгершілік, елжандылық қасиеттерін дарытуға үлес қосатын тұлғаны қалыптастыру керек екендігін ортаға салды.
Айта кететініміз, Елбасының «Тұлғатану» мәселесін қамтып кетті. Жасөспірімдерді жеке тұлға ретінде тәрбиелеп, білім беріп міндет атқарумен қатар, тәуелсіздік жылдарында және 1990 ж. басында басталған зияткерлік мектептің ашылуын жалғастырды. Осылайша әрбір айтылған әңгіме, терең астарлы мағынада болды.
Колледжіміздің 30 жыл ішіндегі қайталанбас тұстары әңгімеге өзек бола отырып, осы оқу орнының тарихын Ұлықбек Шарахынұлы Ибрагимовпен байланыстыра кетуді әрине орынды деп есептедік.

Себепова Кулшат,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің оқытушысы,
профессор, ҚР Білім беру ісі құрметті қызметкері,
 ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.