Біз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті елбасымыздың жетістіктері де өте көп. Жеткен жетістіктері, алған асуларымыздың барлығы елбасының айқын саясатының арқасы.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы рухани жаңғыруды қуаттап; «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», — деп нақты көрсеткен.
Біз жастар әрқашан да елбасымен біргеміз.Жастар-елбасының тірегі, елбасы-елдің тілегі!
«Төбесіз жер, төресіз ел болмайды»-дегендей, бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек.Кешегі тар жол, тайғақ кешу кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, халқымызға пана, жастарға аға болған елбасына қай кезде де алғысымыз шексіз.
Мен ел президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезіммен жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Елбасымыз ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде.Қазақ елінің жағдайын жақсартып,аспанымыздың ашық болуы үшін бағуда.
Елбасымыздың ел үшін жасап жатқан халқына деген зор махаббатын аңғаруға болады.Елбасымыз бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі мен баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді.
Сабитова Балсұлу
Түркістан облысы, Шұбарсу елдімекені
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы
жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі