Home » Ашық сабақтар » Елін сүйген елбасы

Елін сүйген елбасы

        Мақсаты: Қ.Р. Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған,  қызмет еткен жерлері туралы мәлімет. Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасы суреттер, слайд, рәміздер.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, слайд, сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Салеметсіздерме қонақ апайлар.
Әнұранмен басталады.
Кіріспе: Қайырлы күн балалар! Бүгін біз елеміздің тұңғыш Президенті Нұсрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері, Отанымыздың елордасы- Астана қаласына арналады.
Тәрбиеші: Балалар бейнебаянға назар аударамыз.
Слайд қарау балалармен.
Нұрасыл: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауылында туылған. Болашақ ел азаматының балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, отын жарды.
Уалихан:Сонысына қарамай ол мектепте өте жақсы оқыды. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды.
Бейбарыс: Мектепті бітіре сала металлургия комбинатына көлемді құрылысына аттанды.  Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала әжесі  немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Інжу: Нұрсұлтан аталарың Қазақстан өкіметін басқарғанда 44 жаста болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қ.Р. Президенті болып сайланды.
— Дұрыс айтасындар балалар Н.Ә.Назарбаев біздің елімізді Қазақстанды басқарып отыр.
— Біз қандай қалада тұрамыз?
-Біз Астана қаласында тұрамыз.
-Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
-Бәйтерек, Ханшатыр, Ақ орда, Пирамида т.б.
— Астананың көрікті жерлері туралы айту.
Еснұр: Бәйтерек- көне қазақ эпосының кейіпкері  Ер төстік тауып алатын ертегідегі ағаш.
Тамерлан: Ақорда- Президент  резиденциясы. Ол Есілдің  сол жағалауында орналасқан.
Альмира: Бейбітшілік пен келісім сарайы. Пирамиданың кіреберісі жер астында орналасқан.
Айзере: Думан мәдени   ойын- сауық кешені.  Бұл жерде нағыз мұхит суынан жасалған океанариум бар.
Мансұр: Астанамыздың көрікті жерлерінің бірі- екі гектар жерді алып жатқан «Атамекен» этникалықт саябағы.
-Біздің Отанымыз қай жер?
-Біздің Отанымыз Қазақстан. Олай болса Отан жайлы өлең шумақтарымызды айтып берейік.
Еснұр:
Отан- менің ата-анам,
Отан-досым бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.
С.Жания
Отан деген- ата мекен
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан- үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Тәрбиеші: Ендеше балалар отанымызға байланысты мақал – мәтелдер айтайықшы.
Жания:Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.
Айша:Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Азиза:Отанды сүю – от басынан басталады.
Жанайым:Ел іші – береке, көп ісі – мереке.
Е.Арай:Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар
Ойын: «Мақалды аяқта»
-Балалар мен сендерге мақалдың басын айтамын. Ал сендер жалғастырыңдар.
Отан оттан да (ыстық)
Отан үшін отқа түс (күймейсің)
Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
Елдің көркі елімен (Отан көркі жерімен)
Тәрбиеші:
-Біздің ұлтымыз қазақ. Қазақстанда тұрамыз. Әр ұлттың өздерінің тілдері, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, рәміздері бар.
-Рәміздерге нелер жатады?
— Ту, елтаңба, әнұран.
Ту, елтаңба, әнұран туралы балалар айтып береді қысқа.
Ту –
Алихан: — Қазақстан  мемлекетінің Туы көк түсті, тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі. Күн – байлық пен берекені білдіреді.
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.
-Еліміздің туы жайлы кім өлең шумақтарын айтып береді?
Тоғжан:
Көк асапандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Бейбарыс:
Ұланымын елімнің,
Болам жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
О.Жания:
Желбірейді көк аспан,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Елтаңба-
-Елтаңба жайлы Еркежан айтып береді.
— Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен ортақ үй деген түсінік береді.
Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің,
Елдің тыныш тірегі.
Бақытжан:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем, әдемі!
Тұнығыңдай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Әнұран-
Алуа: Елдің елдігі,
Ердің ерлігі – Әнұран,
Ән асылы, Ұранымыздың басымы – Әнұран! Қ.Р.мемлекеттік әнұраны.
Сөзін жазған: Жұмекен Нажмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Іңкәр:
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Мәңгі  бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қорытынды:
-Балалар, сонымен біздің елбасымыз кім?
Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев
-Біз қай елде тұрып жатырмыз?
— Біз Қазақстан елінде тұрып жатырмыз.
Тәрбиеші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Атамекен»

А.Е Уашбекова,.
Астана қаласы,
№38 «Шаттық» балабақшасының
тәрбиешісі:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.