Білім беру саласы: « Қатынас», «Әлеуметтік» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.Көркем әдебиет.Аппликация
Мақсаты:Елбасымыздың туып өскен жері, өмір жолы ,қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздеріміз туралы ,президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп,балаларды Отанын ,халқын жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: Слайд, суреттер, буклеттер, елбасымыздың портреті
Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен күнде,
Таң арайлап атқанда.
Күн шуағын төгіп бір,
Гүл жұпарын шашқанда.
Қуанамын сәт сайын,
Әкем еркелеткенде.
Құшағында анамның,
Тәтті ұйқыға кеткенде.
Ата-анам сыйлаған,
Жақсы көрем өмірді.
Балалар , бір жылда неше мезгіл бар?
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Жыл мезгілдерді атап беріңдерші?
Қыс, көктем,жаз,күз .
Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір жылдың күз мезгілі.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
күз айларын атап беріңдерші?
Қыркүйек, қазан,қараша
Қазір күздің қай айы ?
Қазір күздің қараша айы
Қараша айы аяқталған соң , қай мезгіл басталады?
Қыс мезгілі болады.
Қыс айларын атаңдаршы?
Желтоқсан,қаңтар,ақпан
Балалар, қыс мезгілінің бірінші айы,бірінші күні елімізде үлкен мереке.
1-желтоқсан Тұңғыш президент күні.
Ал, балалар біздің елбасымыз, президентіміз кім?
Елбасымыз , президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жарайсыңдар балалар .
Олай болса бүгінгі оқу қызметіміз біздің елбасымыз, президентіміздің құрметіне арналады.
-Балалар , Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы кім?
Айша: Ол еліміздің басшысы. Халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Жарайсыңдар.
Балалар, сендер елбасымыздың қай жылы және қай өңірде дүниеге келгенін білесіңдер ме?
Омар:Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы , Шамалған ауылында дүниеге келген.
Елбасымыз қандай бала болған, қалай оқыған?
Жәния: мектепті жақсы оқып ,жақсы білім алды. Ата-анасын құрмет тұтты. Жасынан зерек алғыр азамат болды.
Елбасымыз еңбек жолын қалай қайдан бастады?
Ерасыл:
Металлург мамандығын алыпТеміртау қаласында темір балқытушы болып жұмыс жасаған . Ол халық қалауымен 1991 жылы 1-желтоқсандаҚазақстан Республикасының президенті болып сайланды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар
-Балалар, біздің елбасымыз туралы өлең щумақтарыңды айтып беріңдерші.
Адия:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып ,тұлғаланып өске бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Құдабай:
Арманын орындадың бабалардың ,
Көтердің көкшіл туын даналардың .
Қазақтың асқақтатар өр рухын ,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Айша:
Ұл елдің қатарынан артық туған ,
Еңбекке жастайыннан белін буған.
Танытып әрбір елге белін буған ,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
Әлихан:
Отан деген –әр адамның жүрегі ,
Оған ел де ,жер де су да кірді.
Отанымды бар әлемге пашгеткен ,
Президентім –мақтанышым тірегім.
Балалар ,елбасымыз, президентіміздің жұмыс орны қайда?
Президентіміз елордамыз Астана қаласы Ақордада жұмыс істейді.
Астананың символы не?
Астананың символы-«Бәйтерек»
Иә ,дұрыс айтасыңдар балалар .Астанада тағы қандай ғимараттарды білесіңдер?
Жәния: Ханшатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Экспо, Астана опера балет театры, «Мега» ойын сауық орталығы, «Керуен» «Тәуелсіздік сарайы» т.б
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Ту, Елтаңба,Әнұран
Балалар туымыз туралы сипаттама беріңдерші.
Дархан: Қазақстан республикасының мемлекеттік туы тіктөртбұрышты, көк түсті,ортасында шұғылалы күн ,астында қыран бүркіт, сол жақ жиегінде ою-өрнек бар. Тудың авторы : Шәкен Ниязбеков
Дұрыс айтасыңдар
Ал, Елтаңбамыз туралы кім айтады?
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді, ортасында шаңырақ, жан-жағына уықтар шаншылған , екі жағында қанатты аттар ,пырақтар ,төбесінде бес бұрышты жұлдыз,
төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар. Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков,
Шота Уалиханов
Әнұранның авторлары кімдер?
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев .
Музыкасын жазған : Шәмші Қалдаяқов
Балалар , ойын ойнайық
Ойын :«Не жетіспейді?»
Ойынның шарты:Тудың , Елтаңбаның бір жетіспей тұрған бөлігін тауып жабыстыру.
Балалар ,біздің осындай тыныш, бейбіт заманда бақытты өмір сүріп жатқанымыз елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін аянбай еңбек еткен ағаларымыздың арқасында нұрлы күндерге жеткізді
Қорытындылау:
Балалар, бүгін біз қандай тақырыпта әңгімеледік?
1-желтоқсан Тұңғыш президент күні.
Балалар, біздің елбасымызға ,елімізге арнап қандай жақсы тілектер, лебіздер айтасыңдар?
Елбасымыз аман болсын!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Көк туымыз мәңгі биікте желбіресін!
Бәрекелді балалар ,айтқан тілектерің қабыл болсын!
Төле би сөзімен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтағым келеді.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар ,
Атадан қалған сара жолым бар.
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, ертеңімізді жалғайтын , қазақ елінің ертеңі, болашағы сендерсіңдер балалар!
Ән : «Атамекен»
Кошатаева Айгуль Куттыбаевна,
Астана қаласы,
№38 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі