Home » Ашық сабақтар » Елін сүйген-Елбасы

Елін сүйген-Елбасы

Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.Балалардың  сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін  дамыту. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық  сезімдерін  ояту.

Тәрбиеші:Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген -Елбасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

ҚР мемлекеттік Гимн орындалады.

Тәрбиеші: —Балалар біз бүгін қандай мерекені атап өтіп жатырмыз?

Балалар: Тұңғыш Президент күнін

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар.Біздің еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.Біздің президентіміз қай  қалада отырып  қызмет атқарады?

Балалар:Астана қаласында Ақордада

Тәрбиеші:-Балалар айтыңдаршы Президент деген кім ол?Қандай адам?Қандай қызметтер атқарады?

Балалар:Елбасшы,ел басқаратын адам,елдің қамын ойлайтын адам

Тәрбиеші:-Балалар сендер білесіңдер ме Президент бір күнін қалай өткізеді?Қандай қызметтер атқарады екен?Экранға назар аударып қарайық.

Тәрбиеші:Балалар біздің елбасымыз бірден президент болмаған.Қарапайым жұмыскер болған.Кенші болған. Елбасымыз бала кезінде ұшқыш болуды армандаған.Міне біздің елбасымыз халықпен кездесуде.Елбасымыз саябақты аралап жүр,елбасымыз домбыра тартқанды жақсы көреді екен.Елбасымыз оқушылармен кездесуде. Міне мынау президентіміздің жұмыс орны  Ақорда деп аталады.

Балалар біз Елбасымыздың арқасында бүкіл әлемге танылып EXPO көрмесін өткіздік.Болашақ энергиясын өткіздік.Осының барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы.

Ендеше балалар бүгінгі мерекені одан әрі жалғастырайық.

Ән :Тәуелсіз елдің ұраны

Әли:Елбасымыз жолдайды

Халқы оны қолдайды

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды

Көркем:Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамнын

Жақсылығы тарайды

Еңлік:

Көк байрағым желбіреп

Көк аспанда қалқиды

«Егеменді елім»деп

Шаттық әні шалқиды

Назерке:

Казахстан-земля родная!

Очень любим мы тебя

Море, горы, даль степная-

Это Родина моя!

Ақылбек:

Казахстан-это имя страны,

Казахстан –это имя свободы

Казахстан-это солнечный свет

Казахстан-это крылья побед!

Би :Сарбаздар

Арайлым:

Отан-сенің,ата-анаң

Отан-досың, бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан, ауылың

Нұрзада:

Қуат алған өзінен

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін

Нұрғиса:

Родина –это твой отец и мать

Родина-это друг и ровесник подстать

Родина –это твой край и столица

Родина –это аул и станица

Әмина:

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолыңда ту болсын

Қыз қолыңда гүл болсын

Бірге күлсін бүлдіршің.

Еркеназ:

Отан –оттан да ыстық

Отан отбасынан басталады.

Әдеміай:

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Санжар:

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Ән:Отан. Мұхтарқызы Назерке

Би: Асатаяқ

Ойын:

«Орамал тастамақ»

Шарты:Ортаға бір қыз бала шығады қолына орамал ұстайды.Ұл балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен айнала жүгіреді.Музыка тоқтағанда орамалды лақтырады.Кім бірінші ұстап алады,сол жеңімпаз болады.

Көрініс:Елбасының жолдауы

Ханымдар мен мырзалар орындарыңыздан тұрыңыздар.ҚР Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы:Сәлеметсіздерме,қайырлы таң!Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын.Не үшін жиналғанымызды бәріңіз білесіздер.Елімізде қандай жұмыстар атқарылғанын айтамыз.Келер жылдан бастап Қазақстан халқының жалақысы 1,5% өседі.Елімізде тағы қандай жұмыстар атқарылып жатыр.

Білім министрі:Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Елімізде білім саласы жақсы дамып келе жатыр.Мектептерде үш тілде оқытып жатыр.Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілінде.

Денсаулық министрі: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Елімізде денсаулық саласы жақсы дамып  келе жатыр.Халқымыздың саны 18 миллоннан асты.

Елбасы:Елімізде жақсы жұмыстар атқарылып жатыр екен.Еліміздің болашағы әлі алда!Тыңдағандарыңызға рахмет!

Ән:Нұр аға

Тәрбиеші:Сөз кезегін балабақша директоры Динбаева Светлана Бостанқызына береміз.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

1желтоқсан «Тұңғыш президент »күніне арналған «Елін сүйген -Елбасы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Сау болыңыздар!

Сабыргалиева Р
«Боранқұл санаторлық бөбекжайы»КММ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.