Қазіргі таңда латын тіліне байланысты көтеріліп жатқан мәселе өзекті де, келелі. Себебі, Елбасымыз биылғы жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» — деді. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу ел ішінде қолдау тауып, тілші ғалымдардың қатысуымен қызу талқылануда.
Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Яғни, еліміз үшін латын қарпіне көшудің бірден-бір маңыздылығы. Біріншіден, латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас белгісі болып отыр. Демек, дүниежүзі халқының 80%-ы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді.Екіншіден, түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасудың бірден-бір жолы.
Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік маңызды іс, ұлттық мүддеге арналған. Негізгі меже-Мәңгілік ел.
Байхадамова Б.Е.,
«Өрлеу-Тараз»«ИТжЖҒ(Г)ПОӘ» кафедрасының аға оқытушысы,
Байхадам Ә.Е.,
№226 мектеп-лицейдің мұғалімі