2018 жылдың 9 ақпаны күні Ордабасы аудандық білім бөлімініне «Шолпан» бөбекжай балабақшасында «Шығармашылық жұмысқа қажетті құжаттарды меңгерте білу үшін жас мамандармен ұйымдастырылған әдіс алмасу жұмыстары жүргізіліп, оған Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білімі беру ұйымдарының жас мамандары қатыстырылды.
Әдіс алмасуға келген жас мамандарға балабақша меңгерушісі Алибекова Жанар «Шолпан» балабақшасының еңбек атқарған жылдардағы жетістіктерімен және ондағы педагог қызметкерлерінің құрамымен таныстырылды. Әдіс алмасу жұмыстары жайлы сөз қозғап, өткізілу барысы туралы түсіндірілді. «Шолпан» бөбекжай балабақшасының әдіскері Рахымбердиева Марал Үйсінбайқызы іс-шараның бағдарламасымен және ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерінің жүргізілу ретін түсіндірді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарына мектепке дейінгі білім беру жүйесінде барлық білім беру салалары шығармашылық пен жұмыс жасау көкейкөзділігінің негізгі құралы білімдарлығын, эстетикалық талғамын, шығармашылық кәсіби шеберлігін, балаға тиімді білім берудің тәсілін меңгерту мақсаты екендігін әдіс алмасу барысында алған тәжірибелерді жұмыс барыснда қолдануғаәрі тйімді пайдалану үшін жасалып жатқан дүние екендігі де айтылды.
Бағдарламаға сәйкес «Балдырған» І кіші тобында «Таным» саласы, жаратылыстану білім бөлімінің «Пиязды бақылау» тақырыбында тәрбиеші Сандуғаш Ахатайдың ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, «Балбөбек» ортаңғы тобында «Таным» саласы, жаратылыстану білім бөлімінің «Теңіз әлемі» тақырыбында тәрбиеші Арайлым Асқарованың ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, «Балдәурен» ересектер тобы «Таным» саласы, құрастыру білім бөлімінің «Гүл құмырасы» тақырыбында тәрбиеші Бибіхан Кушекованың ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, ересектер тобында ұйымдастырылған «Алғыр алтау» интеллектуалды ойынын тәрбиеші Айнұр Кендербаева, балабақша әдіскері Марал Рахымбердиеваның педагог қызметкерлермен ұйымдастырған «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» іскерлік ойыны стандарт талаптарына сай, өз уақытында аяқталды. Барлық ұйымдастырылған оқу қызметтеріне кері байланыс жұмыстары жүргізіліп, соңында кері байланыс парақшалары арқылы пікір аысу әрі қорытындылау болды.
Ай –Томирис» балабақшасының тәрбиешісі Сабитқызы Шынар өзінің пікірінде — «Балдырған» І кіші тобында «Таным» саласы, жаратылыстану білім бөлімінің «Пиязды бақылау» тақырыбында тәрбиеші Сандуғаш Ахатайдың ұйымдастырылған ашық оқу қызметінен көрген білігенін, тәрбиеші оқу қызметін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп ұйымдастырған, балалармен тығыз және жылы қатынаста болды. Пиязды егіп, оған күтім жасау балаларға өте қызықты болды. Теледидардан пияздың өсуін, пісіп -жетілуін көріп, пияздың пайдалы көкөніс екендігін тәрбиеші балаларға ұғындыра білді.
«Жұлдыздар мекені» балабақшасының тәрбиешісі Дарханбаева Загира өзінің пікірнде — «Балбөбек» ортаңғы тобында «Таным» саласы, жаратылыстану білім бөлімінің «Теңіз әлемі» тақырыбында тәрбиеші Арайлым Асқарованың ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өте қызықты әрі тартымды болғандығын, балалар теңіз әлеміндегі тіршілік иелерімен танысып, әдемілігін тәрбиеші оқу қызметі барысында сезіндіре білді. Балалар сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланған. Бұл тәрбиешілердің күнделікті жұмысының жемісі деп білемін. Арайлымның балаларға деген ықыласы, мейірімі ерекше, тәрбиеші ұйымдастылыған оқу қызметі барысында өз мақсатына толықтай жетті деп толық айта аламын.
«Ай -Ару» балабақшасының тәрбиешісі Ибрагимова Жансая өз пікірінде — «Балдәурен» ересектер тобы «Таным» саласы, құрастыру білім бөлімінің «Гүл құмырасы» тақырыбында тәрбиеші Бибіхан Кушекованың ұйымдастырылған ашық оқу қызметінда тәрбиеші тақырып бойынша түрлі әдістерді пайдалана отырып оқу қызметін түрлендіре білді, балалар құмыраның не үшін қажеттігін, неден жасалатынын біліп, өздері түрлі –түсті жіптерден жасап шықты. Тәрбиеші Бибіхан Кушекова қағазбен, жіппен, желіммен қалай жұмыс жасау керектігін балаларға жетік меңгерте білді. Балалар өз шығармашылықтарын құмыра жасау барысында көрсетті.
«Аяна»балабақшасының тәрбиешісі Құрбанбекова Гүлнар өз пікірнде — ересектер тобында ұйымдастырылған «Алғыр алтау» интеллектуалды ойынын тәрбиеші Айнұр Кендербаева жақсы ұйымдастырып, балалардың ұшқырлығын, зейінділігін, шапшаңдығын көрсетті. Менің байқағаным бұл ойын арқылы балалар жылдам ойлауға бейімделеді екен. Балалар өздерінің жан-жақтылығын, өздеріне қызмет жасай алатындығын көрсетті. Топтың безендірілуі, балаларға жасаған әрбір жұмыс өте ұқыпты дайындалған. Бұдан шығатын қорытынды мектепке дейінгі білім беру ұйымында шығармашылықпен жұмыс жасау талапқа сай әрі үлкен қызығыулықпен жұмыс жалалатындығы көрініс тапты.
«Айзере» балабақшасының тәрбиешісі Дәнебек Ұлбала өз пікірінде — балабақша әдіскері Марал Рахымбердиеваның педагог қызметкерлермен ұйымдастырған «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» іскерлік ойыны тәрбиешілерге ой тастады деп білемін. Ойын барысында «Шолпан» балабақшаның тәрбиешілері өздерінің тәжірбиелілігін көрсетті. Тәрбиеші қандай болуы керек деген сұраққа іскерлік ойын барысында өз шешімін тапты. Келген қонақтармен ұйымдастырған пікірлесу сәті үлкен әсер қалдырды. Бүгінгі іс –шараға келген әрбір жас маман өзіне қажетті тәжірибелік көмекті алып, оны өзінің еңбек жолында пайдаланады деп ойлаймын.
Пернебай Шырын Әбдіқайымқызы,
Ордабасы аудандық білім бөлімінің
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру әдіскері