Home » Жас қалам » Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік — бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Осындай тақырыппен сыныбымызда тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты болып өткен болатын. Сынып жетекшіміз Манер Рзабекқызы – Тәуелсіздікке қалай жеткенімізді, кейінгі ұрпаққа жеткен асыл қазынамызды бағалай, қадірлей білу үшін дайындалған видеоролик арқылы оқушыларға таныстырып өтті.

Шара барысында сынып оқушыларының орындауында Тәуелсіздік туралы бірнеше көркемсөздер оқылып, «Қазақстан» әні мен «Қазақ биі» жалғасын тапты.

Кеш соңында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарбалин Руслан ағайымыз тәрбиелік сағатымыздың өте тамаша өткенін, бұл шара барысында Тәуелсіздік — туының қандай қиындықпен келгені туралы әңгімелеп, Желтоқсан жаңғырығының құрбандары Ляззат Асанова, Сәбира Мұханбетжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев сынды ұл-қыздардың ерлігін ұмытпай, ардақтап жүруге шақырды.

Аружан АМАНГЕЛДИЕВА,

Атырау қаласы, Ақжар ауылдық С. Датов атындағы

№ 26 орта мектептің 5б сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.