Home » Білім және өнер » Еліме арнаймын өнерімді

Еліме арнаймын өнерімді

«Өнер — туа біткен қасиет. Ол табиғат- ананың берген сыйы. Кез келген адамның бойында ерекше қасиеттер болады, дана халқымыз айтқандай, «Бұлақ көрсең, көзін аш»дегендей, ел ішіндегі талантты жастардың өнерін паш ету, бүгінгі күннің еншісінде.
30 қараша күні аудандық «Борат» мәдениет үйінде «Өнерімді еліме арнаймын»атты аудандық оқушылар арасында көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- өнерлі жастарды анықтау және өнерлерін ел ішінде насихаттау. Биылғы оқу жылында М.Әуезов мектебінен өз өнерлерімен танылған 100 оқушы байқаудың әр түрлі жанрларына өз өнерлерімен қатысты. Алпыс адамдық хор ұжымы аудан мектептері арасында екі дауыста ән айтып 1-орын жеңімпазы атанса, екі дауыста 3-сыныптың оқушыларынан құрылған қыздар ансамблі жүлделі 2-орын, 11-сынып оқушысы  Қайыпова Аяжан мен 9-сынып оқушысы Сарбасова Әдемінің «Туған жер»әнін екі дауыстап орындап, жүлделі 1- орынды жеңіп алды. Мектеп оқушыларының өнерлерінің көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленуі мектеп музыканттары Бактиярова Балғаным апай мен Базаров Қайырғали ағайдың ерен еңбегі деп айтқым келеді. Ұстаздарымыз өнерлі оқушыларын өнер додасында абыройлы, мерейлі болу үшін білімі мен білігін сарп етті. Жекелеген әншілеріміз 11-сынып оқушысы Жәкиев Бекзат, 3-сынып оқушысы Ален Айшабибі, 8-сынып оқушысы көркемсөз шебері Тасқалиев Алтынбек, «Елбасына арнау» өз шығармашылығы бойынша Әлібекұлы Ақтілек, домбырашылар ансамблі , жеке домбыра аспабында Махамбеттің күйі «Жұмыр қылышты»нақышына келтіре орындаған Жолдасов Аманбек жүлделі орын иегерлері атанып, мектеп мақтанышы ғана емес, аудан көлемінде өнерімен танылды. Облыстық байқауға мектебімізден бес жанр түрі: хор, көркемсөз, дуэт жанрлары қатынасып, жоғары дәрежеде өз өнерлерін көрсетті. Осылайша, туған жер төрінде шалықтаған ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де тыңдарман қауымға үлкен әсер қалдырды.

Гратий Даниел,
Атырау облысы Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектептің
11-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.