Home » Жаңалықтар » Елордамызда балалардың ой өрісін дамытудың қандай жаңа әдістері талқыланды? 

Елордамызда балалардың ой өрісін дамытудың қандай жаңа әдістері талқыланды? 

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері білім берудің инновациялық әдістерін оқып жатыр.

15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 100-ден астам оқытушылары мен тәрбиешілері үшін «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейін білім беруді дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Республикалық семинардың негізгі мақсаты «Қарлығаш балабақшасының 10 жыл бойы жинаған тәжірибесін көрсету. 16 облыстан келген педагогтар мен қонақтардың өзара тәжірибе алмасуы басты назарда болды. Келген қонақтар әр-түрлі түстер бойынша топтарға бөлініп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен танысты. Балабақша ұжымы өзге әріптестерімен дағдылар мен құзіреттілікті дамыту бойынша балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Тілдік ортаға бойлау, Пятибратова әдістемесі, сингапурлық, STEAM және тағы басқа технология үлгілерімен танысуға мүмкіндіктер туды. Оқу семинар жоспарынан тыс көрмелер қойылған. Көрме қазақи ою өрнектермен нақышталып, асықтан жасалған түрлі формадағы жаңа ойын құралдары, қазақи киіз үй мен басқа да елдердің өз дәстүріне лайықталған кішігірім үйшіктері қойылған.

Сұрақ қою арқылы баланың өрісін қалай арттыруға болады? Тұйықталған бүлдіршіндермен қалай жұмыс жасау керек? Іздену, білу, қамқорлықты үйрену, ойын еркін жеткізу арқылы табиғатты танып білу. Балаға дұрыс емес деп айту арқылы оның қабілетінен айырып алуыңыз мүмкін екенін білесіз бе? Дәл осындай және одан өзге қарапайым сұрақтардың терең ойлы жауаптары іс жүзінде қызықты ойындар арқылы көрсетілді.

Заманауи талаптар контексінде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі жүйесі тікелей шет елдермен тәжірибе алмасу барысында жүзеге асатыны жайлы да айтылды.

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасы президенттік іс басқармасы медициналық орталығының басшысы:

Искакова Гүльнар Кайролловна

  • Жақында біз Италияға барған болатынбыз, ондағы «рэнджел педагогика» ұйымымен таныстық, олардың бағыты балалардың шығармашылық көз қарасын , баланы жан жақты дамыту. Біз де осы жүйені өзіміздің 3 балабақшамызда еңгіздік , зертxаналық кабинеттер, қолөнерге баулу үйірмелері ашылды. Айтып кеткенімдей , жаңа жүйені өзімізге бейімдеп өзгерттік: ұлттық қолөнерді , жүннен бұйымдар жасау , әшекейлер жасау тәрізді. Біз Эстония, Ресей, Италия, Финляндия тәрізді елдермен жұмыс жасаймыз. Бұл біздің алғашқы осындай масштабты іс шарамыз, астанамыздан бастау алдық, республикалық дәрежеге дейін көтердік , ендігі кезекте  қыркүйек айында xалықаралық форум өтеді.

Оқу — танымдық жоспары қандай бағыттарда жүзеге асады?

  • Біз балаларды кішкентай кезінен 4 нәрсеге үйретеміз : шығармашылық, командалық жұмыс, сыни ойлау , тіл табысу.

Шет елдерден түрлі бағдарламаларды еңгізгенімізбен , отандық бағдарламаларда шығып жатыр.                    Мектеп алды даярлау  бағдарламалары менің ойымша дайын, еңгізу керек. Бұл маңызды. Мысалы:  қазіргі   уақытта Финляндия елімен жұмыс жасап жатырмыз , онда бұл міндеттеледі.

Жаңа методиканы мектепке дейінгі балалар үйреніп, тез бейімделуге қаншалықты дайын?

  • Біз жас шамасын 3-6 дан ,2-6 дейін өзгертуге ұсыныс білдірдік. Балалар әрдайым дайын, олар бірден ілесіп кетеді, бастысы тәлімгердің сабақ беру тәсілі. Ол ойын арқылы өтуі мүмкін. Біз ұстаздарымызды жақсы дайындау керекпіз. «Бір мұғалім — бір тіл» ұғымын еңгізу керекпіз . Бір мұғалім қазақ тілінде , екіншісі орыс тілінде ғана сабақ беру керек . Бірақ екеуі де бірігіп жұмыс жасайды. Бір топта екі мұғалімнен. Бұл жүйенің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Мақсаты қазақ тіліне балаларды баулу.  Балалармен қатар олардың ата — аналары да меңгеруге тырысады.

Жоспар бойынша орыс тілді ересек тобы қазақ тілін аптасына екі сағат оқыса, қазақ тобы 60 сағатты бір аптада оқиды екен. Өзге облыстардан келген әдіскерлер семинардан көп дүние түйгенімен мақтанады

Түркістан облысы әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие оқу әдіскері:

Кульбаева Гүлмира Абдуатовна

  • Мұнда барлық 16 облыстан келіп отырмыз. «Қарлығаш» балабақшасы біздерге озық идеясымен бөлісіп жатыр. Бірінші секциялық жұмыстан алғанымыз:дамытушы орта бойынша Наталья Секорованың тәжірибесінен ұсынылды. Тек теория мен тәжірибені алмастыра отырып өзіміз жүргізіп көрдік, өң бойымыздан өткіздік. Қоржынымзға жаңа әдіс-тәсілдер алдық. Келгенімізге қуаныштымыз. Кірген сәттен көңіл-күйді ашатын еденнен, қабырғаға дейін түрлі суреттермен безендірілген. Озық үлгіде жабдықталған. Елді мекенімізге барып үйренгенімізбен бөлісіп, ары қарай дамыту ойымызда бар. Балабақша ұжымына алғыс айтамыз.

Өзіңіздің тарапыңыздан қандай осал тұстарды көріп, жетіспеген жерлерін нығайта алатын едіңіз?

  • Алдымен материалдық-техникалық базаны нығайту. Егер ол жақсы болатын болса, әр педагог осы турасында жұмыс жасайды деп ойлаймын. Одан кейін кадр мәселесін тұрақты қылу. Барлығын қайта даярлау курстарынан өткізіп, білімдерін шыңдайтын болсақ бізде ең мықты деген педагогтар жұмыс жасайтыны сөзсіз.

«Бір педагог – бір тіл». Семинардың негізгі түйінін дәл осы мағыналы сөйлеммен жасауға болады. Бұл бастаманың жалғасын және нәтижесін күтеміз. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы да білікті әдіскер болған. Жалқылы, жалпылы методиканы ұсынған да осы кісі болатын. Бүгінгі күнде шет елдерден білген, көргеніміз бен кешегімізден қалған мұраны байланыстыра алсақ методиканың озықтығын көре алатынымыз hәм. Барлығы бір педагогтарға ғана емес, ата-анаға да ықпалды екенін ұғынсақ болашағы мығым елдің, білімді жастарының өсіп келе жатқанына нық сеніммен қарай алатыным күмәнсіз.

                                                                                                       Хизатолла Мирас,

«Білім айнасы»,

Нұр-Сұлтан

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.