Home » Жаңалықтар » Елордадағы «Ақ қайың» балабақшасында «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы өтті

Елордадағы «Ақ қайың» балабақшасында «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016-2017 оқу жылында 28.11.2016-2.12.2016 уақыт аралығында №29 «Ақ қайың» балабақшасында «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде шығармашылық белсенділігін арттыру, ата-ана, бала, педагог қарым-қатынасын нығайту.

Аптаның бірінші күні «Менің көңіл-күйім» психологиялық ойыны, «Сиқырлы қорапша» акциясы, бірінші кіші «Балапан» тобында «Достық» атты тренинг, педагогтарға арналған «Тұлғалар жұлдыздары» тренингі өтті.

«Менің көңіл-күйім» психологиялық ойынында ата-аналар мен балалар бірігіп балабақшаға келгендегі өздерінің көңіл-күйлерін көрсету мақсат болды. Тәрбиешілермен алдын-ала ақ ватманға аптаның бес күніне арналған жолдар салынып, түрлі-түсті стикерлер ұсынылды. Әр түс белгілі көңіл-күйді білдірді. Қызыл түс – бақыттымын, сары түс – көңілдімін, жасыл түс –сабырлымын, көк түс – жабырқаулы көңіл-күй.

«Сиқырлы қорапша» акциясында ата-аналар, тәрбиешілер «Сиқырлы қорапшадан» тілек жазылған қағазды алады.

Бұл акцияның мақсаты – позитивті көңіл-күй сыйлау.

Аптаның екінші күні «Менің көңіл-күйім» психологиялық ойыны, «Сиқырлы қорапша» акциясы жалғасты. «Бір-бірімізге комплимент айтайық!» акциясы өткізілді. Ата-аналар, балалар, тәрбиешілер бір-біріне комплимент айтып, жағымды әсер алды. «Балалық шағым» фотоколлаж: тәрбиешілер балалық шақтағы фото суреттерін ватман қағазына жабыстырып ата-аналарды, балаларды өзімен жақынырақ таныстыру. Екінші кіші «Меруерт» тобында «Жақсы көңіл-күй әлемінде» атты тренинг, «Стресс және эмоционалды күйді қадағалау» педагогтарға арналған тренингі өтті.

Аптаның үшінші күні «Менің көңіл-күйім» психологиялық ойыны, «Сиқырлы қорапша» акциясы жалғасты, «Шын жүректен хат» ойыны өтті. Бұл ойында ата-аналар балалармен бірігіп балабақшадағы кез келген адамға шын жүректен хат жазу керек болды. «Алақандардан сурет» конкурсы өтті. Мақсаты: тәрбиешілер балалармен бірігіп шығармашылық қабілеттерін арттыру болды.

«Інжу» тобында «Бірлік болса, тірлік болады!» тренингі өтті.

Аптаның төртінші күні «Менің көңіл-күйім» психологиялық ойыны, «Сиқырлы қорапша» акциясы жалғасты. Ересек «Қызғалдақ» және «Күншуақ» топтарында «Жауапкершілік басты міндет» атты тренинг өтті. Аптаның бесінші күні «Психология» апталығының ақырғы күні болды. «Менің көңіл-күйім» психологиялық ойыны, «Сиқырлы қорапша» акциясы жалғасты. Балабақшадағы барлық топтар арасында өткен «Күн шуағындағы менің суретім» конкурсы өтіп, апталықтың қорытындысы жасалды. Конкурстардың нәтижесін спорттық сайысқа қатысқан және ұйымдастырылмаған ата-аналар шығарды.

Апталық барысында ұйымдастырылған ойындар мен конкурстар ата-аналардың, балалардың және тәрбиешілердің қызығушылығы жоғары деңгейде болды деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы алдына қойған мақсатына жетіп іске асты.

 

А.Б.Смаканова,

№29 «Ақ қайың» балабақшасының

ІІ санатты психологы,

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.