Home » Балабақша » Жүректі тербеткен бастама

Жүректі тербеткен бастама

Көк тіреген «Бәйтерек» ғимаратының үстінде көзге көрінер, көрінбес қыран қалықтайды. Әмбесінде, тіптен бір қозғалған нүкте тәрізді. Сыйқыр әлеміне енгендей жоқ болып қайта пайда болады. Бұл қыран осылай биікке самғап, ұлан байтақ мына жердің бір өзі қожайыны сезініп, құлдидан қашқанды, қиядан асқанды қалт жібермейтін. Көзге ілінгенге қанаты жеткізбей қоймайтын.

«Бір қанатты құс ұша алмайды» деп бастады сөзін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру тренері Клименко Наталья Александровна білім мен тәрбиені құстың екі қанатына теңеп. Құстың екі қанаты болады бірісіз бірі тұл. Дәл сол сияқты тәрбиені оң қанаты десең, білімді сол қанаты деуге болады. Осы қағиданы мықтап ұстанған Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты

№7 «Аққу» балабақшасының меңгерушісі Джуматаева Айман Дахарқызы «Жүрек, ол – сана, сана – бұл кері көрініс. Егер сана таза болса, көрініс те таза болады» тақырыбында «Өзін-өзі тану»бағытында семинар өткізді. Семинарға қонақ ретінде «Білім беруді жаңғырту» орталығының маманы Роза Жолаушықызын, серіктес 29 балабакша, 22 мектеп, 59 мектеп, педагогикалық колледж өкілдері, әріптес № 46, 21, 24, 37 балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілерін, «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Өзін-өзі тану» тренері Наталья Александрқызын, №22 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Столярова Татьяна Михайлқызын арнайы шақырған екен. Ондағы мақсат әріптес балабақшаларға өздерінің іс-тәжірибелерін барынша үлгілі, тиянақты етіп көрсету.

Ұстіміздегі жылда өздерінің жасаған жұмыстарын слайд арқылы көрсете отырып №7 «Аққу» балабақшасының (2-ші ғимараты) инновация әдіскері

Козырь Ирина Александровна тоқталып өтті. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, бүлдіршіндердің бойындағы қабілетін шыңдап дамыту болса керек. Тәрбиеленушілердің сомдауымен соғыс жылдарының елесін театрланған көрініс арқылы көрсетіп, оны жоғары деңгейде сомдаған титімдей ғана

Мяло Ксенияның соғыс жылының жай-күйіне көрермендерді еріксіз енгізіп, оларды бір жылатып алды.

Қойылымнан көңілі босап, көзіне жас толып ортаға шыққан «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Өзін-өзі тану» тренері Наталья Александрқызы сәл тамағын кенеп. Тұшымды ақпарат беруге трысты. Өзін-өзі тану барысында кез келген пәнге гуманитарлық көзқараспен қарауға болатынын айта келе, сонау Сократтан бастап кешегі Шәкерімдерге де тоқталды. Осы кісілерден адами құндылықтың өнегесін, тәлімнің тұнып тұрған мәйегін алуға болатын естір құлаққа айтты-ау көсіліп.

Келесі кезек тәжірибелік алаңдарға өту болды. «Шығармашылық» орталығында №7 «Аққу» балабақшасының (2 -ші ғимараты) әдіскері Кирпичева Наталья Николаевна меймандармен жұмыс жасады, «Мұғалімнің сыйы» орталығында №7 «Аққу» балабақшасының (2 -ші ғимараты) орыс тілі мұғалімі Маликова Жанар Даулетпаевна, «Оқудан тыс шығаршашылық» орталығына серіктес мектеп №22 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Столярова Татьяна Михайловна біліктілік шеберліктерімен бөлісті.

Педагогикалық шеберлікті шыңдаудың басты құндылығы – тәжірибе тарату. Тарата жүріп шыңдалып, пісіп жетіліп, кемеліне келіп, дағдыны дамыта отырып қолдануды басты назарға алған сынды болып көрінді маған. Балабақшаның алып отырған тақырыбы өтте мағызды екенін шүбәсіз. Діттеген мақсатқа №7 «Аққу» балабақшасы екі  ғимаратымен 29 балабакша, 22 мектеп, 59 мектеп және пед. колледж аралығында серіктестік құрып тәрбиенің тағылымын, «өзін өзі танып» білуден бастаған тын.

Білім анйнасы газеті мен
bilimainasy.kz сайтының
негізін қалаушы
Қуантай Амантайұлы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.