Home » Ашық сабақтар » Елдігіңді ойласаң тарихыңды таныт

Елдігіңді ойласаң тарихыңды таныт

 

Түркістан облысы, Жетісай ауданы №68 «Жібек жолы» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылы 14 — 19 желтоқсан аралығында тарих пәні бірлестігінің апталығы өтті.

Апталықтың  мақсаты:

— Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, сол деңгейге жетудегі Елбасының жолы туралы оқушыларға насихаттау. Биылғы жылы тәуелсіздігіміздің 28 жылдығын  атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға келешек ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.

— Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу

— Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.

— Бүгінгі заманға сай, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
14.01. күні  тарих апталығының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиян – кескіндерді оқушылар өлеңдер және қара сөздер оқу арқылы жеткізді. Саптық жиында оқушылар және мұғалімдер апталықтың жоспарымен таныстырылып өтті. Апталықтың ашылу барысында тарих ӘБ мүшелері «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

15.01.2019жылы  тарих пәні мұғалімі Қ.Сопыбеков 10 сыныптармен «Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында дөңгелек стөл өткізді. Бұл сабаққа мектебіміздің директоры Қ.Мырзалиев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Артықбаева,ӘБ жетекшісі С.Өтегенова, тарих пәнінің мұғалімдері С.Рыскелдиева, А.Балтабаева, Б.Түймебаев, математика пәні мұғалімі А.Есенбаевалар қатысты. Сабақ соңында қатысқан мұғалімдер сабақтың өтілуіне талдау жасап өз ұсыныстарын айтты.

       14-15.01.2019жылы тарих пәнінің мұғалімдері апталықтың ашылуы қарсаңында С.Рыскелдиева мен Б.Түймебаевтың ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары шығармашылығынан «Туған өлкем, тұнған шежірем!» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды. Келесі күні «Туған жер-2019» ауылымыздың азаматы Байымбетов Берік Оспанұлының жылыжайына оқушыларды тарих пәнінің мұғалімі С.Сәдібеков алып барып, кәсіпкермен жолығып, жылыжайды аралап, оқушылардың қызығушылығын оятты.

ҚР шынайы егемендікке ие болып отырған қазіргі таңда қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағытында халықтың барлық топтарына, ең алдымен оқушы жастарға құқықтық тәрбие беру ісі ең алдымен негізгі мәселе болып отыр.Осы мақсатта мектебімізде сайыс сабақ өткізілді.

15.01.2019ж күні 9-11 сыныптар арасында «Өз құқығымызды білеміз бе?» тақырып аясында құқық пәнінің мұғалімі С.Өтегенова сыныптан тыс сайыс сабақ өтті. Сабақ барысында 9 сыныпты — «Жалын», 10 сыныпты -«Болашақ», 11 сыныпты-«Қыран» тобы деп топқа бөліп, ҚР сының заңдары, азаматтардың міндеттері, адамдардың құқығы мен бостандықтары, құқықтың түрлері, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, сот тәуелсіздігі туралы оқушылар құқықтық білімдерін сынады.Ситуациялық сұрақтарды талқылады. Мектеп директоры Қ.Мырзалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сырбеков, физика пәнінің мұғалімі С.Спабекова, география пәнінің мұғалімі Н.Қалиевтер сабаққа еніп, әділ-қазы мүшелері болып, әділдікті ту етіп, әділ шешім шығарып, әр бөлім бойынша нәтижемен хабарлап отырды. Соңынан мектебіміздің басшысы Қ.Мырзалиев оқушыларға алдағы өмірде де құқықтық сауаттылықты арттырып, болашақта көзі ашық, заңдық білімі бар азамат болып шығуына тілектестік білдірді. Сайыс сабақ барысы фотосуретке түсіріліп, бейнетаспаға жазылды.

15.01.2019 ж күні Қазақстан тарихы пәнінен 7 «Ә» сыныпта «Түріктердің материалдық  және рухани мәдениеті» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі А.Балтабаева ашық сабақ өтті. Жаңартылған бағдарламаға негізделген сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қалыптастырушы тапсырмаларды орындап, өзін- өзі бағалауға да дағдыланып, төселгені көрініп тұрды. Қатысқан мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, әріптесімізге шығармашылық табыс тіледі. Сабақ барысы фотосуретке түсірілді.

17.01.2019 ж күні 11 «В» сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «1931-1933 жылдардағы ашаршылық» тақырыбында пән мұғалімі С.Өтегенова сабақ өтті.Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Артықбаева, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектебіміздің модераторы Ұ.Құдиярова, ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Кішібаева,Ж.Дакенова,география пәні мұғалімі Л.Серғазиева, қазақ тілі пәні мұғалімдері О.Дүйсенбекова, А. Нұрбаевалардың қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, жаңа тақырыпты деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында білімдерін толықтырды және өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғады. Қалыптастырушы тапсырмаларды жұппен орындады.Соңынан қатысқан пән мұғалімдері тиімді және тиімсіз жақтарын айтып, қорытынды жасады.Сабақ бейнежазбаға жазылып, фотосуретке түсірілді.

        17.01.2019 жылы 5«В» сыныпта  «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Рыскелдиева Сәуле Бегімқызы. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Оқушылар сабақ барысында өз ойларын тұжырымдап, қорытындылай білді.Сабаққа тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мырзаева қатысып, пән мұғалімдерімен бірге талдау жасап, қорытындылады.        17.01.2019 жылы 10 «А» сыныбында дүние жүзі тарихы пәнінен «Еуропа мен Азия елдері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Сопыбеков Қасымхан Түймебайұлы. Ашық сабақ  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Артықбаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мырзаевалардың қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, мультимедия кабинетінде  слайдтан тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Сабақ соңында басшылар мен тарих бірлестігінің ӘБ жетекшісі С.Өтегенова және басқа да пән мұғалімдері талдау жасап өз ұсыныстарын білдірді. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

        18.01.2019 жылы Қазақстан тарихы пәнінен 7«Б» сыныбында сыныпта «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Пән мұғалімі жас маман Түймебаев Бүркіт Батырханұлы. Ашық сабаққа  пән мұғалімдерінен: О.Дүйсенбекова, С.Өтегенова, Н.Қалиев, М.Кішібаева, Ә.Сатыбалдиева  қатысты. Сабақта түрлі тапсырмалармен бірге карта пайдаланылды. Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасап, белсенділік танытты, Түркі дәуірінің әр кезеңі туралы қысқа метражды фильм көрсету арқылы оқушылар  тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Сабақ бейнежазбаға жазылып, фотосуретке түсірілді.

 

      18.01.2019 жылы  тарих пәнінің мұғалімі А.Балтабаева  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында оқушылармен пікірталас өткізді. Ауылымыздың жасөспірімдер бойынша инспекторы А.Кемелмен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар көкейінде жүрген сауалдарын ортаға салды, Мазалаған сұрақтарын қойып, алған жауаптарына қанағаттанды.

Ос күні апталықты қорытындылау мақсатында  ӘБ жетекшісі С.Өтегенова «Тарихқа құрмет-ұрпаққа аманат» тақырыбында 10сынып оқушыларымен көрініс қойды. Мектеп басшысы Қ.Мырзалиев оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

      19.01.2019ж. тарих пәнінің мұғалімі А.Балтабаева «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында 9 сыныптың оқушыларымен сағат 15.00. – де ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сырбеков, Ж.Мырзаева, тарих бірлестігінің мүшелері және тағы басқа мұғалімдер, оқушылар қатысты.

Сынып оқушылары үш би туралы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, ұлы ойшылардың нақыл сөздерін оқыды. Ашық тәрбие сағаты өте жақсы өтті. Қатысқан пән мұғалімдері ризашылықтарын білдірді.

Апталықтың соңында қорытындысы шығарылып, мектеп директоры Қ.Мырзалиев қатысып, жақсы баға берді. Апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды. Барлық ӘБ мүшелері сыныптан тыс сабақтар, тренинг, ашық тәрбие сағаты, интеллектуалды сайыс сабақтарын өткізіп, барлығы бейнежазбаға жазылып, фотосуретке түсірілді.

Сәрсенкүл Өтегенова
Түркістан облысы, Жетісай ауданы

      №68 «Жібек жолы» жалпы орта мектебі

   коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні ӘБ жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.