Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы Сләмия Саттаров атындағы №57 мектеп лицейінде 2018 жылы қарашаның 28 күні 5в сыныбында «Елбасы-ұлт мақтанышы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: «Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу». Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекенің бірі және бірегейі. Себебі Елбасымыз елімізге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде үлкен қошеметке ие. Елімізді бүкіл әлемге танытқан Президентіміздің еңбек жолында аянбай қызмет еткен білікті басшы екені барша жұртқа аян. Сол себепті өскелең ұрпаққа еліміздің көшбасшысы жайлы ақпарат беру, тәуелсіздігіміздің қаншалықты қиындықпен келгенін, еліміздің әртүрлі сынды кезеңдерінен сүрінбей алып шығу жолында қажырлы еңбегін, ұлтына, қазағына деген шексіз сүйіспеншілігін қанша айтсақ та артық емес. Оқушылар осы тәрбие сағатынан өте көп мағлұмат ала отырып, келешекте ұлтына деген патриоттық сезімдері артып, мемлекетіміздің болашағы екенін сезінді. Тәуелсіз еліміздің- Тұңғыш Президент күні біз үшін өте маңызды мереке. Олай болса, мерекеміз құтты болсын, ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Дадиева Гульжан Кайридиновна,
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
С.Саттаров атындағы
№57 мектеп –лицейінің мұғалімі