Home » Сценарийлер » Елбасы сенімі-ел сенімі

Елбасы сенімі-ел сенімі

Мақсаты:1.Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі. 2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.  3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.

Өту барысы:

Әнұран орындалады.

Мұғалім: — Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі — ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.

Оқушы: — Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Мұғалім: — Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Оқушы: — Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Мұғалім: — Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?

Оқушы: — 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы —  Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Мұғалім: -АтаЗаңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

1-оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

2-оқушы:

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.

3-оқушы:

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар

4-оқушы:

Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

5-оқушы:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

6-оқушы:

Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

7-оқушы:

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

8-оқушы:

Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

9-оқушы:

Қиялы ұшқыр, ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Ән Би: «Қаражорға»

Хор: «Елім менің аңсаған…»

Отан деген ата- мекен,

Отан деген туған туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

Аргынбекова Калампыр Мешитбаевна,
Астана қаласы
№61 орта мектеп

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.