Мақсаты: Жас ұрпаққа Президентіміздің өмірбаянымен, еңбек жолымен, сан қырлы талант иесі екенін, құдіретті тұлға екенін тану. Тәуелсіздік жолындағы елеулі еңбектерімен, Елін, жерін сүйген елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Балалардың партиоттық сезімін, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қажетті көрнекі құралдар:Елбасы туралы дайындалған слаид, Елбасы суреттері, буклеттер, Қазақстан Республикасының рәміздері, Астананың көрікті жерлерінің суреттері.
Балалармен бірге Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Отан деген- атамекен,
Отан деген-туған жер,
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан –туған ел.
Ұйымдастыру – іздену.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, елбасы күні. Ендеше мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын, сендер мұқият тыңдап жауап беріңдер.
- Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Біз Қазақстан Мемлекетінде тұрамыз.
- Қазақстан Мемлекетінің астанасы қай қала? Қазақстан Мемлекетінің астанасы- Астана
- Қазір біз қай қалада тұрып жатырмыз? Біз Астана қаласында тұрып жатырмыз.
- Бүгін қандай мереке тойлануда? Бүгін алғаш президент күні.
- Біздің еліміздің президенті кім? Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Балалар, рақметсұрақтарға толық жауап бердіңдер. Астана туралы қандай тақпақ білесіңдер? Кім айтады?
Мағжан- Жаса, жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
С.Әли- Тәуелсіздік-достығымыз
Ынтымағы жарасқан
Тәуелсіздік-ел бірлігі
Асқақ арман таласқан
Ғажайып сәт:
Тәрбиеші:Балалар бізге қонаққа ата,әже келді. Сәлеметсіз бе, сіздер мұнда не істеп жүрсіздер?
Әже:Мен немере балама келген едім, бұл «»Ақбұлақ» тобы емес пе?
Ата: немереге келдік, әжесі қоймай ертіп келген еді.
Тәрбиеші Жоқ, ата, әже бұл «Қарақат» тобы келіңіздер кішкене тынығып алыңыздар, бізде мереке өтіп жатыр. балалардың тақпақтары бар, тыңдап сосын сіздерді немереңіздің тобына апарамын.
Әже:Рақмет, қарақтарым, өркендерің өссін.
Тәрбиеші:Ортаға Айбар, Төрежан, Еркежан шығады.
Еркежан-Шықты тарап ой данадан
Бері қарап жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті
Төрежан- Гүлдене бер, Отаным
Көтерген туын Нұр ағам
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің ұлы адам.
Айбар- Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігі, ел тірлігін тілеген.
Ақ ниетті халық деген данам бар
Әже: Жарайсыңдар, балалар, біздің еліміздің елбасы елдің жағдайын ойлайтын, білімді, ақылды, парасатты, беделді адам. Біз алғаш осында келгенде айдала ашық жер болатын. Міне сендер бақытты баласыңдар, Тәуелсіздік алып өз елімізде тыныш заманда өмір сүріп жүрсіңдер.
Ата:Сендер де болашақта елбасы сияқты білімді болыңдар, Елін, жерін сүйетін патриот болыңдар, біз енді немере ұлымызға барайық, рақмет.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші :Әже, ата сіздерге де үлкен рақмет.Сау болыңыздар.
Балалар шаршаған боларсыңдар, олай болса сергіту сәті бізде шеңберге тұрайық!
Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бәр Отанды сүйеміз!
Орнымызға отырайық, балалар слаидқа суреттерге қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Астана әсем қала, күннен күнге көркейіп, жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сендер қандай көрікті жерлерге бардыңдар? Кім айтады?
Ақорда еліміздің Президентінің жұмыс орны. Онда ел Президенті жоғары мәртебелі шетел қонақтарын қабылдап, әр түрлі салтанатты жиындар өткізеді. Абдісабыр
Пирамида –Бейбітшілік және Келісім сарайы қазақ жеріндегі достық, бірлік және бейбітшіліктің символы болып табылады. Асылжан.
Бәйтерек-«Бәйтерек» монументі – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Рустам
Хан Шатыр- Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Ғ.Әли.
Сендер Астана туралы, Президент туралы көптеген мәліметтер біледі екенсіңдер,жақсы.
Қорытынды
Тәрбиеші :Балалар біз бүгін кім туралы айттық? Ол кім? Елбасы туралы. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз қандай адам? Елбасы көп оқыған, білімді, ақылды. Бізге қандай жағдай жасады? Еліміз жақсы өмір сүрсін деп, бізге балабақша, мектеп салып берді, елімізде бейбітшілік.
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады? Біздің еліміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабаққа өте жақсы белсенді қатыстыңдар, енді оқу қызметін композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен осыменен аяқтаймыз. Рақмет.
Ф.З Алтынбекова,
Астана қаласы,
№38 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі