Home » Жаңалықтар » Елбасы күніне құрмет

Елбасы күніне құрмет

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Ә.Назарбаев

 

 

Алаш жұртының асқан асуларының баршасы, елдегі экономикалық-әлеуметтік және саяси реформалар, халықаралық және өңірлік бастамалар, жаһандық жасампаз істердің барлығы дерлік Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты болып отырғаны белгілі. Ендеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні — мемлекет мерейі.1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.

Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласындағы № 20 « Балақай » бөбекжай балабақшасында мерейлі мерекені атап өтті. Бұл шараның мақсаты: жас ұрпаққа Президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Балабақша балалары өз өнерлерін, көрермен алдында паш етті. Мемлекетіміздің әнұраны орындалып, екі тілде тақпақтар, мақал – мәтелдер, сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін шыңдады. Сондай – ақ қазақ және орыс тілінде әндер орындалып, ойындар ойналып, флэшмоб ұйымдастырылды. Балабақша балаларына арналған бұл іс – шара жоғары деңгейде өтті. Сөз сонында басшымыз: «Халқымыз осыдан 16 жыл бұрын өзінің тарихи таңдауын жасап, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентін сайлады. Бұл жас мемлекеттің тағдырын анықтаған қадам болды дей келе, келе жатқан мереке қарсаңында еліміздің әр бір азаматына денсаулық пен отбасылық бақыт тілеп, еліміздің одан әрі көркейе беруіне бірге ат салыса берейік деген ізгі ниетімді білдіремін » — деп,ризашылығын айтып, сөзін қортындылады. Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артып халықтың мерекесіне айналды. Өйткені, бұл да жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс.

Тулеушова Гульдана Багдатовна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№20 «Балақай» балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.