Home » Жаңалықтар » Елбасы кітапханасы балаларға «Менің Отаным — Қазақстан» мерекелік сабағын өткізбек

Елбасы кітапханасы балаларға «Менің Отаным — Қазақстан» мерекелік сабағын өткізбек

2017 жылдың 29 тамызда, сағат 11:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Конституция күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік сабағы өтеді.

Шара барысында болашақ мектеп оқушыларына танымдық ойындар жүргізіледі. Балалар Конституция күнінің маңыздылығымен, Ата заңымыздың құрылуындағы Елбасы рөлімен танысады. Осы орайда Елбасы кітапханасы электронды қорындағы бейне материалдар мен фото құжаттар пайдаланылады.

Мереке жас қатысушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қатысты білімдерімен бөлісіп, тәуелсіздік пен патриотизм, қазақ халқының бірлігі туралы өлең оқиды.

Елбасы кітапханасындағы алғашқы сабақтан естелік ретінде бүлдіршіндерге кәдесыйлықтар таратылады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.