Заманауи мәдениет ұғымына анықтаманы, әрине, бір сөзбен бере алмаймыз. Өйткені, ХХ ғасырдан бастап біздің ақындарымыз, композиторларымыз, музей саласында қызмет атқарып жүрген өнертанушыларымыз, музейтанушыларымыз, мұрағатшыларымыздың атқарып жатқан еңбектерін, Кеңес үкіметі кезінен бастап халқымыздың тарихи жәдігерлерін, оның негізінде әдеби шығармашылықпен айналысу, сақтандыру жағынан мұрағат материалдарын жаһандық әлемде «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыра отырып таныту – нағыз заманауи мәдениет құбылысы. Елімізде құндылығы мен маңыздылығы жоғары саналатын іс-шаралар назардан тыс қалмайды. Бүгінде 2017 жылдың 3 қазанында Елбасы кітапханасының ұйымдастырылуымен «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», оның орны, рөлі сынды күрделі сұрақтар, сарапшылардың пікірлері дөңгелек үстелде қызу талқыға салынды. Дөңгелек үстелде сөз тізгінін Қазақстан Республикасының Елбасы кітапханасының Музейі директорының орынбасары Каипова Ботагөз Муттахиденқызы екі сағат көлемінде басқарды. Әрине, осындай кездесулер өте маңызды, өйткені өзімізге мәлім, біздің мәдениетіміз, мирасымыз, мәдени мұрамыз туралы терең ойлар сәуір айынан бастап қоғамымызда пікірталас тудырып жатыр. Ал бүгінгі іс-шараның ерекшелігі Венгриядан келіп отырған қонақтарымыз Қазақстан мәдениеті туралы өздерінің қызығушылық танытатын ойларын ортаға салып жатыр. Біріншіден, «Мәңгілік елдің» тарихи негізі мен мәдениет негізі қандай екенін осындай кездесулерде біздің жастарымыз жақсы түсінеді деп ойлаймыз. Өйткені, әр халықтың, әр ұлттың ерекшелігі болса да, ежелгі дүниеден келе жатқан қарым-қатынастарымыз сонау Еуропада орналасқан Дипломатиялық қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ тарихи ерекше байланыстар бар екенін айтсақ өте орынды.
«Біз 2008 жылдан бері Венгрия елшілігімен тығыз байланыс жасап, мәдениет арқылы үн-қатысу жобамызды атқарып жүрміз. «Қыпшақтардың жерінен әкелінген топырағы» біздің қорымызға тапсырылды, Елбасымыз «ең ерекше қыпшақ елдерінің басшысы» деген атауына ие болған кезінде. Бұл жерге бірнеше көрме кездесулер ұйымдастырғанбыз. Енді соның жалғасы болып осындай саяси маңызы бар, тарихи маңызы бар сұрақтарымызды талқыға салып отырмыз», — деді Елбасы кітапханасының Музейі директорының орынбасары Ақтаева Куляйша Қабдуалиқызы.
Айта кеткен жөн, Қазақ халқының мәдениеті, әсіресе, Экспо кезінде өзінің ерекшелігін бүкіл әлемге паш еткені дәлел болды. Сонымен қатар, мәдени мұрамыздың мазмұны, маңыздылығы тек қана көпшілік таныған ән-күйлеріміз ғана емес, қазіргі заманауи мәдениет дегенде, ол – әдебиетіміз, қазіргі мұражайда сақталынатын қорларымыз, публицистика жанрынан ортаға салынатын философиялық маңыздылығы бар ойлар. Мысалға айтсақ, Абайдың қара сөзін жатқа біліп зерттеуге де кіріскен. Бірақ, зерттелмеген қаншама материалдар мұрағат, кітапхана қорларында сақталмаған. Осы жөніндегі мәселелерді де атап өтті. Өйткені, 2004 жылдан бастап жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасының нәтижесінде көптеген материалдар біздің елімізге келген екен. Енді олардың «шаң басып жатпауын», оны көпшілікке жеткізу үшін біраз ғылыми зерттеулер жүргізу керек деген жоспарларын бүгінгі дөңгелек үстелде ортақ шешімге келіп қорытындылады! Бұл мұражай қызметкерлері, кітапхана, архив қызметкерлері зерттеу жұмыстарын әлемдік деңгейде үлкен жауапкершілікпен алды!
Жансая Әлібекқызы
Білім айнасы
Астана қаласы