Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер және көптеген мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ИТжҒЖГПО кафедрасының оқытушылары Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халыққа Жолдауын ықыласпен тыңдап, өзара бағыттары бойынша талқылыап жоспарлады. Биылғы Жолдауда айтылған 6 бағыты бойынша Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқару жүзеге асатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс делінген. Мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын көтеру туралы шешімді де өте жылы қабылдады. Бұл шара олардың еңбегінің беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдердің лауазымдық еңбекақысы 30 пайызға ұлғайту мәселесін де шешімін тапқанына да қуаныштымыз.
Сондай-ақ Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға да ерекше мән берілген. Мысалы, «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың да басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға әкеліп отыр.
«Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды», -деген Елбасымыз, халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін қазақстандықтардың рухын жігерлендіріп, бірлік пен татулыққа шақырады. Біз Елбасының Жолдауын қолдаймыз!
Гүлхан Сабырханқызы АМАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
ИТжҒЖГПО кафедрасының тренері