Home » Жаңалықтар » Елбасы жолдауы мектепте талданды

Елбасы жолдауы мектепте талданды

15 қазан күні «№102 ЖББМ» КММ-де   Жетісу ауданы «Нұр Отан» филиалының төрағасы Омаров Мұрат Сағатовұлы мектеп ұжымымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  жолдауын талқылады. Қали Ақылбек пен Сабырханова Таңшолпан «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдаудағы маңызды мәселелерді ұстаздар қауымына таныстырды. Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдістеріне атсалысуы  мәселелерін  жүзеге асырудағы  мектептің  өзіндік орны мен атқарылып жатқан жұмыстары  атап айтылды.

Елбасы Жолдауында әлеуметтік саладағы басым бағыттар түгел қамтылды. Оның ішінде ұстаздарға қатысты бірнеше тың бастама болды. Оның бірі ұстаз мәртебесі туралы заң болса екіншісі, тұрғын үйге қатысты жасалатын жеңілдіктерді айтуға болады. Кездесу барысында Мұрат Сағатұлы  мұғалімдердің қал жағдайларын сұрап, ойларында жүрген маңызды сұрақтарға тоқталды.

Соның ішінде аса маңызды мәселенің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз ел – гүлденген жер» , «Жастар Отанға», «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламаларының  алып барылуы мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді қалыптастыратынын да айтып өтті. Мектеп директоры Кержикеева Д.Р. мектебімізде айтылған бағыттарда кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, мектеп ұжымының білім беру мен тәрбие бағыттарында бір жағадан бас шығарып әрекет етуінің арқасында жақсы нәтижелерге жетіп жатқанымызды айтты.

 

Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.