Home » Мақалалар » Елбасы Жолдауы-игі істер бастауы

Елбасы Жолдауы-игі істер бастауы

    ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелетінін ескерсек, Елімізде жыл сайын білім жүйесін дамытуға  бағытталған іс-шаралар атқарылып келеді. Бүгінгі көкейтесті мәселе – білім  сапасын арттыру.Осыған орай , Қазақстан  Республикасының  тұңғыш оқу халық комиссары, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың  ойы ойға оралады . Ұлт  ұстазының  « Мектептің  жаны –мұғалім . Мұғалім  қандай болса , мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни,  мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға  үйрете білетін болса ,ондай мектептен  балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң , ең әуелі  білім ордасына керегі –білімді ,педагогика, методикадан хабардар , оқыта білетін ұстаз» дегеніндей, ұстаз міндеті мен жүктемесі қоғам талабына сай  болуды қажет етеді.«Барлық істің басшысы- білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай егеменді елдің тірегі-білімді ұрпақ .Демек, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі , өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерді айқындай отырып, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы қажеттігіне жекелей тоқталды. Ел болашағының берік, экономикамыздың қарыштап дамуы үшін жасалып жатқан игі істерге бұл Жолдаудың серпін берді. Жолдауда денсаулық сақтау, өмір сүру ұзақтығы, экология, азық-түлік сапасы, еңбек жағдайлары, мүгедектер үшін жағдай жасау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және т.б. көптеген маңызды мәселелер қамтылды. Инфрақұрылымға, жол құрылысына көп көңіл бөлінетіні айтылды. Ең төменгі жалақы күнкөрістің төменгі деңгейіне байланысты болмайтынына және келесі жылы ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсетініне қуаныштымын.

Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Ең алдымен халық кірісінің деңгейін арттыру шаралары қабылданады. Бұдан өзге, 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35%-ға арттырылады.Оның қатарында білім беру  саласының қызметкерлерінің болуы көңіл көншітеді. Сондай-ақ Елбасымыз білім беру сапасын арттыруға үлкен көңіл бөліп отыр.Президент 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 7,4%-дан 10%-ға дейін жеткізу туралы міндет қойды.

Бәсекеге қабілетті маман даярлау білім мен ғылымның және өндірістің кірістірілуіне негізделеді. Тек осы үшеуінің бірлігі ғана нарық талаптарына жауап беретін маман даярлау механизмдерін іске асыра алады.

Колледж студенттері нақты жұмыс дағдыларына, ұжыммен жұмыс жасай білуге, әлеуметтік құзіреттіліктің қалыптасуына, таңдаған мамандығының қырсырын тікелей жұмыс орнында тани білуге мүмкіндік алуда. Колледж басшылығы оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналдыруды талап етеді. Осы мақсатта «Агроөнеркәсіптік мамандықтар» бөлімшесінде:

  • Ауыл шаруашылығын қарқынды өсуіне, оның игерілуіне, дамуына қажетті мамандар даярлау;
  • Орман шаруашылығының дамуына, табиғатымыздың, экологиямызды қарыштап өсуіне жағдай жасау үшін қажетті мамандар даярлау;
  • Жеміс-жидек, көкөніс азық-түліктер өнімдерін пайдалануда қажетті мамандар даярлау;
  • Жылы жай (теплица) өнімдерін пайдалануға мамандар даярлау және т.б;
  • Ет, сүт өнімдерін қолдануға қажетті мамандар даярлау болып табылады.

Біз бәсекеге қабілетті,зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сондықтан бүгінгі күннің талабы жастардың кәсіби технологиялық салаларда білім алуына ықпал жасауымыз қажет. Қазіргі кезеңде орта білім алушы жастар көп.

«Агроөнеркәсіптік мамандықтар» бөлімшесіне қарасты мамандықтар ішінде «Ветеринария» мамандығы  бойынша облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен 2017 жылы  15-мамырда «Жобалық кеңсені» жүзеге асыру мәселесі бойынша өткізілген №02/1-2/3181 жиналыс хаттамасына сәйкес, облыстық ветеринария басқармасымен дайындалған пилоттық жобаға байланысты №02/10-1014   24.08.2017жылы  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжімен келісімге келіп жұмыс атқарылуда.

Бұл жобаның мақсаты: И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің  «Ветеринария» мамандығының 2018жылы бітірген түлектерін өз мамандықтары бойынша тәжірибе ала отырып, жұмыспен қамтылуы.2017-2018 оқу жылында «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген  41  түлектің 36-ы  облыстың аудандарында және  Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясында өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.

Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындау, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардың мерейлі міндеті деп білемін.Осы орайда біздерге, педагогтарға тың жаңа міндеттер жүктеліп отыр.Біз бүгінгі рухани мәдениетімізді жоғары интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеуге жұмылдырып, өскелең ұрпақтың дүниетанымына, тәрбиесіне, біліміне, бәсекеге қабілеттілігіне зор көңіл бөлуге тиіспіз.

 

Есахаева Дана Алдабергенқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық

жоғары колледжі«Агроөнеркәсіптік мамандықтар»

бөлімшесінің меңгерушісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.