Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы қомақты мәселелердің арасында өзіне керек ақпаратты түртіп алмаған қазақстандық кемде-кем шығар.
Солардың қатарында өзіміздің назарымызды аударған бірнеше мәселе бар. Ол әрине білім беру саласына байланысты: Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін баса айтып өтті. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет. Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек. Елбасы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті істерді қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге тапсырма берді. Осыған байланысты, әрбір педагог өзінің мамандығын шынайы түрде алға ұстап кішкентай бүлдіршіндерді тәрбие мен білім беру жүйесінде өз білімдерін көтеріп және балабақшаның әл- ауқатын қазіргі заманға сай жабдықтап, баланың балабақшаға деген қызығушылығын көтеру үшін аянбай еңбек етеміз.
Жалпы, Елбасымыздың биылғы Жолдауды бізге айрықша жігер берді. Сондықтан, алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін біз бәріміз жұмыла кірісуіміз керек.
Саркыт Турбаева,
ҚҚББ №31 «Алтын кілт» балабақша КМҚК, меңгерушісі