Home » Жаңалықтар » Елбасы Жолдауы білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін асқақтатты

Елбасы Жолдауы білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін асқақтатты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын алып қарасаңыз да ел үшін маңызы зор тарихи құжат. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы 5 қазан күнгі екінші Жолдауында Елбасы: «Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік» – дей келе, стратегиялық мақсатымызды айта кетеді. Яғни әлемдік озық дамыған 50 елдің қатарына кіру біздің, халықтың негізгі міндеті. Ал, экономикасы дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін әуелі білім саласына басты назар аударылуы тиіс. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, Елбасымыз осы жылдың 5 қазанындағы Жолдауында бесіктен балабақшаға келген баланы тәрбиелеуші мектепке дейінгі мекеме ұйымдарына ерекше назар аударды. Демек, бесік пен бесіктегі бала да түзелмек керек. Жолдаудың «II Тұрмыс сапасын арттыру» атты басымдығында: «Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.

Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қол жетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.

БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.

Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек.

ЕКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.

Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілетте, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.

Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.

Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.

Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек», — деп үкіметке, депутаттарға, әкімдіктерге және жалпы халыққа тапсырма беруі мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін ынталандыруда. Әрине, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын барлық тиісті мекеме қызметкерлері іс жүзіне асыруға тиісті. Өйткені Президенттің Жолдауы талқыланатын емес, орындалатын жарғы деуге әбден болады.

Сонымен қатар қазанның 5 жұлдызындағы Жолдауда «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңның шығуы білім жүйесі қызметкерлерінің мәртебесін одан әрі асқақтата түспек.

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білімді ұрпақ тәрбиелеу әсте жеңіл іс емес, бірақ оның жемісі қашанда тәтті болатындығын жоғарыда аталған алғашқы педагогтың өзі де айтқан екен. Демек, Елбасымыздың білім саласына қай Жолдауында болмасын жіті назар аударуы жас ұрпақтың жарқын болашағының кепілі.

 

Индира Сапарәліқызы Сауранбекова,
мектеп алды даярлық сыныбының
тәрбиеші мұғалімі,
№59 орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.