Home » Мақалалар » Елбасы Жолдауынан кейін туған ой

Елбасы Жолдауынан кейін туған ой

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылдың 5 қазан күнгі Жолдауын халық ақпарат құралдарынан ұйып тыңдады. Өйткені жыл басынан бергі екінші Жолдауында тағы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы мәселелерді нақты айтты. Шенеуніктерді сынай отырып, қарапайым халықтың, оның ішінде білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы заңды бекіту тапсырмасы қоғамдағы педагогтардың мерейін үстем етті.

    Иә,  Тараз қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің №6 «Арнаулы логопедтік» балабақшасы МКҚК 1980 жылы ашылып, жыл сайын жобалық сыйымдылығынан бірнеше есе артық балаларды тәрбиелеуде. Ал бүгінгі таңда 326 бала біздің бақшамызға келіп, тәрбиеші, педагогтардың ыстық ықыласына бөленуде.  Ал, мұны көпшілік қоғам елеп-ескере бере ме? Осы орайда Елбасының сарабдал саясатының айқын көрінісіне жұртшылық тағы куә болды. Себебі, ҚР Президенті мұғалімдерді құрметтейтіндігі ұстаздар қауымын қуанышқа бөледі.

  • Не болса соның бәрі мұғалімдерге жүктеледі, Сайлауды да мұғалімдер

өткізеді, үгіт-насихат жұмыстарын да мұғалімдер жүргізеді. Бұл үшін оларға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмысын істеп дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай оларды тексереді, — деді Н.Ә.Назарбаев.

Дәстүрлі Жолдауындағы «II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» АТТЫ БАСЫМДЫҒЫНДА ол:

  • 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық

көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10пайызына дейін жеткізу қажет, —  дей келе, екінші кезектегі мәселе мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту керек екендігін ашық айтты.

«Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.

Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.

Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет, — деп нақты мәселелерді көтеруі мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін бір серпілтіп тастады.

Яғни, болашақта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жодауына орай еліміздің балабақша қызметкерлерінің беделі одан әрі жоғарылайтындығы меңгеруші ретінде маған да үлкен үміт сыйлап, елге абыроймен  әрі жауапкершілікпен қызмет ету парыз екендігімізді әлбетте сезінгендей болдым!

 

 

 Құлтаева Әлия Миятбекқызы,
Тараз қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің
№6 «Арнаулы логопедтік»

балабақшасы МКҚК-ның меңгерушісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.