Мәмбетәлі Манзура Тортайқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Еркемай» ортаңғы тобы.
ІІ- ші санат тәрбиеші.
Мақсаты: Балаларды өз Отанын , туған жерін, президенттік сайлау күнімен құттықтай отырып , мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін , сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру, ізгі қасиеттерге баулу. Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Алдын-ала жұмыстар:. Өлең –тақпақтар жаттау .
Қажетті көрнекі құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері. Қазақстан Республикасының президент суреті , Ту- Елтаңба
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең — байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел — Отан біздің кең — байтақ,
Отанның біздер баласы.
Балалар, бүгінгі ашық оқу ұйымдастырылған оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі, бүгін мереке, бүгін — Президент күні.
Бүгінгі тақырыптық «Елбасы – ел тірегі»
Ал балалар 1- желтоқсан күні қандай мереке?
Жауап: Қазақстан Тұңғыш президент сайланған күні !
Ендеше еліміз аман, жеріміз тыныш болсын, тәулсіз кең байтақ жеріміз жасай берсін!
Гимн , орындау.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Біз қай қалада тұрамыз?
Жауап : Астанада
Балалар, Біздің ұлтымыз кім? Қазақ
Тәрбиеші:, Біз қай тілде сөйлеміз ? Қазақ, Ана тілі
16 –желтоқсан кандай мереке ?
Жауап : Тәуелсіздік егемендік ел болған куні !
Ал , балалар тақтаға назар аударайық
Слайд.
Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні?
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? йя
Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ал балалар , Астананың көрікті жерлерін білесіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті: Балалар слайдтағы балалармен бірге «Мен қазақпын» әніне билейміз.
Ал балалар Ел басымыз туралы тақпак білесіңдер ме?
ЕсетЕлбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Ал балалар, Ән ұран туралы тақпақ білісіңдер ме?
АруханӘнұраным – жанұраным
Жүрсем егер дүние кезіп
Айтар әнім,сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым.
Ту туралы тақпақ білесіңдер ме?
Мансура. Ақ ниетті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, Ту, ары.
Димаш Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Елтаңба туралы тақпақ білсіңдер ме?
Санжар
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
М ұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Бибарыс
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
М ұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Тәуелсіздік туралы тақпақ ?
Әмірхан
Біз тәуелсіз ел болдық,
Өз тағдырын қолға алған
Елтаңбасын, көк туын,
Бүкіл әлем қолдаған.
Отан туралы тақпақ ?
Архат
Отан деген-атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан- үлкен,
Қазақстан- туған ел.
Ал балалар, жұмыс орнымызға барып туды құрастырып жапсырайық
Жарайсыңдар балалар!
Қортынды :
Балалар, Біздің ел басымыз кім? Н. Ә Назарбаев
Біз қай қалада тұрамыз ? Астанада
Біздің қай тілде сөйлейміз ? Қазақ
Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы.
Бүгін біз не жапсырдық ? Ту.
Жарайсыңдар балалар!
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет
.