Home » Балабақша » Елбасы –ел тірегі!

Елбасы –ел тірегі!

Берикбаева  Салтанат  Тұрысбековна,
Нұр-Сұлтан қаласы, № 70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Балапан»  ортаңғы тобы ІІ санатты тәрбиешісі.

 

 Мақсаты: Елбасының өмір жолы,ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін,ұлттық сана сезімі жоғары,саяси құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Еркін сөйлеу, өз ойын ашық айта білу дағдысын, болашаққа деген оң козқарасын қалыптастыру.
Көрнекілік:Қазақстан Республикасының рәміздері, Елбасы суреті, слайд.
Әдіс тәсілдері:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, сергіту сәті, қорытындылау.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар музыка әуені мен топқа кіреді.
Тәрбиеші:Қайырлы таң,балалар!Күніміз сәтті болсын. Қараңдаршы сендер бүгін сондай қуаныштысыңдар.Сендердің жүздеріңнен жылылық, мейірімділік,бір-біріңе деген махаббат сезіледі,қандай тамаша!Адамдар бір –біріне жақсы сөздер айтса,көңілдері көтеріліп қалады ғой,әуелі қонақтармен ,бір-бірімізбен амандасып алайық.
Балалар:»Құлыншақ» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы .
Алдыменен қонақпен ,
Амандасып алады.
Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң,балалар!
Тәрбиеші:Құрметті ұстаздар,қонақтар,балалар»!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2011 жылы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп ,»1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Президент күні» болып,мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
Тәрбие сағатымызды әнұранмен бастайық.
Балаларға сұрақтар:
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?(Қазақстан)
-Қазақстан қандай ел?(Егеменді тәуелсіз ел)
-Егеменді тәуелсіз елдің Елбасы кім?(Н.Ә.Назарбаев)
-Біз қандай ұлтпыз ?(Қазақ)
-Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?(Қазақ тілі)
Тәрбиеші:-Балалар,Қазақстан Республикасы егеменді,тәуелсіз ел.Биыл тәуелсіз,егеменді ел болғанымызға 27 жыл.Біздің елімізде 100 ден аса ұлт өкілдері турады.Ал енді балалар Қазақстан туралы кім бізге тақпақ айтып береді екен?
Ж.Айша:Қазақстан елім менің,
Қазақстан жерім менің.
Саған арнап айтылады әнім менің!
Б.Мансұр:Егеменді елдің ұлымын,
Ертеңгі күннің нұрымын.
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін.
Тәрбиеші:-Балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Отан деген біздің еліміз ,туып өскен жеріміз.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы).
Балалар сендер өте дұрыс айтып жатырсыңдар.Отан деген атамекен,ата бабамыздан бізге қалған мұра,аманат.Отанын қорғау әрбір адамныңміндеті,парызы.Отанымызды сүйіп,оның ары қарай гулденіп ,дамуына барлығымыз үлес қосуымыз керек.Қанекей Отан туралы кім бізге өлең шумағын айтар екен?
Інжу: Отан менің ата –ана,
Отан-досым ,бауырым.
Отан-өлкем,астанам.
Отан-аудан, ауылым.
Тәрбиеші:Балалар егеменді елдің өзінің рәміздері болады.Олар:Әнұран,Елтаңба,Ту.Әнұран балалар мемлекет басшылары бір-бірімен кездескенде,үлкен салтанаттарда,спорттық ойындарды мараппаттау кезінде айтылады.Біз балабақшада дүйсенбі сайын таңертең әнұранды айтамыз,солай емес пе,балалар?Балалардың назарын тақтадағы суреттерге аудару.
-Тудың түсі қанадай ?(Тудың түсі көк)
-Тудың бетінде ненің суреті  бейнеленген?(Күн,қыран құс,ою)
-Өте жақсы балалар.Мен сендерге бұл суреттің маңызын түсіндірейін.Ортасында алтын күн орналасқан.Еліміз әрқашан жайнап ,жарқырый берсін деп.Күн астындағы қыран –еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі,биікке болашаққа самғайды.Туымыз ұлттық оюмен өрнектелген.Балалар,ту туралы не білесіңдер?
Шұғыла:Көк байрағы бабамның-
Бүгінгі ұрпақ алады
Тірегі әке, баланың-
Қазақстан жалауы.
Тәрбиеші:Жарайсың ,Шұғыла!Ал  енді Елтаңба туралы кім айтады?
Ақтоты:Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім –Елтаңбам.
Тәрбиеші:Ал енді балалар кішкене сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші:Балалар әрбір тәуелсіз елдің Елбасшысы болады.Біздің Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев.Сонымен балалар ,назар аударыңыздар алдымыздығы көгілдір экраннан Елбасымыз туралы қысқаша тусінік берейін.(Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,балалық шағы,қызмет жолы,еңбектері,өлеңдері)
Мұстафа: Қазақ деген халықтың,
Бақытына туды Нұр аға.
Сыннан өткен нарықтың,
Арқаңыз сіздің,Нұр аға.
Тілейді сізге ,Нұр аға
Амандық-саулық бар бала.
Тәрбиеші:Бүгінде балалар Елбасы десек Астана,Астана десек Елбасы ойымызға оралады.Елбасының бастамасымен астанамыз болып 1998 жылы Астана қаласы бекітілді.Қаланың бүгінгі көрсе көз тоймайтын сұлу  келбеті,әлемді суйсіндірген керемет көріністері-Елбасының сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістігіміз.
Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері тұрады ,сол суреттің ішінен тәрбиеші сұраған суреттерді тауып беру керек.Содан соң тақтаға іледі.
-Ал енді Астана жайлы не айта аламыз?
Хормен:Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жасыл болып,
Мен үлкен болған да да.
Тәрбиеші:Ал енді балалар өтілген сабағымыз бойынша кішкене жұмыс жасап көрейік.Бізде мына жерде тудың кейбір элементтері жетіспейді,ол қандай элементтер балалар?Біз соларды тауып орнына орналастырып жапсыруымыз керек.
Тәрбиеші:Балалар өте жақсы жұмыс жасадыңдар.-Құрметті қонақтар,балалар еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып,көркейіп,татулықты ту етіп, егеменді еліміз баянды болып,халқымыз аман ,ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Барлығы хормен:Біз елбасымызды жақсы көреміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.