Home » Айтарым бар » Елбасы-ел мақтанышы

Елбасы-ел мақтанышы

Мен, Елбасыммен мақтанамын. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер адам жоқ деп ойлаймын. Елбасы туған жерін, туған елін жанындай сүйетін адам. Мен Нұрсұлтан атаммен үнемі мақтанамын.

Сағдат Айзада

Біздің еліміз жыл сайын 1желтоқсанда қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент  күнін атап өтеді. Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды.Тұңғыш Президент күні-халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.

Ағыбай Досжан

Мен өз Елбасымызды мақтан етемін.Сол кісінің арқасында Отанымыз тыныш, қарнымыз тоқ, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Елбасына бақыт, мықты денсаулық тілеймін!

Асқар Ержанат

Мен Қазақстанда тұрамын. Біздің Елбасымыз-Нұрсұлтан ата. Елбасымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрсақ та, бір-бірімізбен татумыз.

Ерсін Жазира

Президент — ол елдің патшасы. Ол қазақтың туын көтерген. Біз осы елдің ұрпағымыз. Нұрсұлтан ата біздің қамымызды ойлайды. Біз сондықтан да бақыттымыз.

Ерсаин Нұрали

 

Қазақстан Республикасының президенті — Назарбаев Нұрсұлтан ата. Ол -әділ адам.Үнемі халыққа жақсылықтар жасайды. Барлық халықты басқарады. Ол -еліміздің мақтанышы.

Ертай Керімжан

Біздің Елбасымыз — Назарбаев Нұрсұлтан ата. Газеттен де, теледидардан да ол халықты басқарып, жақсылыққа шақырады. Оны халық қолдайды, тіпті мен де. Сондықтан мен отбасыммен бақыттымын. Мен Елбасын құметтеймін.

Ерболатұлы Досымжан

Елбасы-ел мақтанышы. Өйткені ол елімізді басқарады. Ол-еңбекшіл. Елбасы парасаттылыққа үйретеді. Елбасы болмаса, біз бейбіт ел болар ма едік? Мен Елбасымның алдында басымды иемін және мақтан етемін.

Балгабаев Ерсултан

Елбасының Ақордасы Астанада. Елбасы — қазақ халқының мақтанышы. Қазақстан елі, халқы оны жақсы көреді. Мен де жақсы көремін. Елбасы жасасын!

Сағдат Мухамедияр

 

Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де өз Елбасымыз бар. Осы қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Тұңғыш Президент күнгі мереке біздің Нұрсұлтан атамызға арналады. Сондықтан да әрқашан Елбасымыз аман, еліміз тыныш, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!, — деген менің тілегім бар.

Бикеева Адина

 

 

Павлодар облысы, Аққулы ауданы,
Бекмұрат Уахатов атындағы
орта мектебінің 2-сынып оқушыларының шығармашылығынан.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.