В этой статье рассматривается познавательные и воспитательные аспекты формирования патриотизма у учащихся в реализации программы лидера нации Н.А. Назарбаева «Семь граней великой степи».
Бұл мақалада Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқушылар бойында патриотизмді қалыптастырудың танымдық және тәрбиелік аспектілері талқыланды.
Тәуелсіз еліміздің мектептерінің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге қауқарлы, бәсекеге қабілетті, білімді әрі халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:«Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» -деген еді.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы кәзіргі таңда кең қолданылуда. Оқушылар бойында Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлкеге деген сүйіспеншілік ұғымдарының негізін қалайтын «Қазақстандық патриотизм»ді қалыптастыру оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда жүзеге асырылуда. Оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарында белсенділігін арттыруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу арқылы жастар тәрбиесіндегі патриоттық сезімді жетілдіруге болады. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра отырып білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тәрбие үрдісін де дамытуға көңіл бөлу заман талабы. Бала бойында «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдарын қалыптастыру әр заманның өзінің ақиқаты, наным-сенімінен туындайды. Себебеі әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болды.
Ал тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм екеніне ерекше көңіл бөлу мектеп қабырғасында жүзеге асырылуда. Атап айтсақ Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-дегі «Жас Ұлан», «Жас қыран» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының «Нұр Отан» партиясының түрлі ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруда алып барып жатқан іс-шаралары және мектепте тәрбие үрдісінің бағыттары бойынша алып барылып жатқан нәтижелі жұмыстар сөзіме дәлел болады. Отбасылық тәрбиені, патриоттық сана-сезімді, отансүйгіштікті, еңбек сүйгіштікті қалыптастыруға, экологиялық, экономикалық зияткершілікті, адалдық пен азаматтық парыз, жауапкершілікті дамытуға арналған сынып сағаттары және бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерімізді , құқықтық тәрбиені дәріптейтін түрлі мәдени шаралар, бағдарламалар оқушылар бойына толеранттық пен ізгілік ұрыған жетілдіруде.
В.А. Сухомлинский “Тек ата-ана мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін” дегендей «№102 ЖББМ» КММ-де ата-аналармен ынтымақтастығы жақсы жолға қойылған. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған «Ата-аналар қонақжайы» «Қызым үйде, қылығы түзде» деген халық даналығын ата-аналарға түсіндіре отырып, оқушыларымыздың кез келген жағадайдағы әрекеттерін мектеп ата-аналармен біріге талдап, шешімін бірге іздеуде. Бала тәрбиесіне байланысты маңызды әрі күрделі мәселелерді дұрыс шешуде, алдын алуда мектеп тарапынан түсінік пен қолдау тапқан ата-аналар ұйымның жұмысына дән риза.
Көп ұлтты мектебіміздегі оқушыларға тән тағы бір ерекшелік – кеңістік пен уақыт. Шын мәнінде ұлтының болмысы мен тарихымен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар алып жүруі. Себебі сан жылдар бойы қазақ халқының тұрмыс-салтымен, болмыс-бітімімен, өмір сүру қалпымен біте қайнасып, біртұтастанып кеткен өзге ұлт өкілдері бүгінде Қазақстан халқының ажырамас бөлігіне айналған. Олардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі, әдебиеті мен музыкасы ортақ бір арнаға қойылып, ұлтқа тән өзіндік сара жолымен сақталып келеді. Біртұтастық ұлы даланың өскелең ұрпағының бойында дарып келеді.әрбір оқушы туған жерді – ортақ үй, Қазақ елін ортақ Отан ретінде сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап, қызғыштай қорғау қасиеттерін дарыту мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Оған «Алғыс айту күні», «Наурыз» мекрекесі, «Бірлік, ынтымақтастық» күндеріне арналған мерекелік шараларды, кездесулерді жатқызуға болады.
Ендеше білім беру жүйесінде тәрбие үрдісін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бəсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, ұстаздар қауымы деп айта алар едім.
Қорыта айтқанда, оқушылар бойында рухани жаңғырудың көзін ашып, Ұлы даланың елжанды тұлғасын қалыптастыруда оқушыларға жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
Ауэлбекова Гавхар Умурбековна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
«№102 ЖББМ» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 //Қызылжар нұры – 2006-24 қараша.
- Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті //Қазақстан орта мектебі – 2005 — №9 – 7-9 бет.
- Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 — №8 – 72 -73бет.
- Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту. – 2007. – 118 б.
- Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. – Алматы, 2000. – 543 б.