Мақсаты: Елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағұлмат беру, Рәміздермен таныстыру, Отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасының портреті, Рәміздер, слайд, қаладағы ғимараттар суреті.
Сәлеметсіздер ме балалар,
армысыздар құрметті қонақтар!
Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
Әрине тарих үшін 25 жыл түгіл,
Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
Дүниеде болмасын деп зар қасірет
Келеміз замананы алға сүйреп.
Бүгін де тұр біздерге
Жер бетінде Азаттық,
Бейбітшілік арқа сүйеп.
(Әнұран орындалады)
Тәрбиеші: — Балалар мынау кімнің суретін көріп тұрмыз?
Балалар:- Бұл кісі – Н Ә Назарбаев.
Тәрбиеші: -Бұл кісі бізге кім болады?
Тәрбиеші: -Бұл кісі- біздің Елбасымыз.
Тәрбиеші: — Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл біздің
Елбасымыз Н Ә Назарбаев.
Тәрбиеші: Бейбiт тандап арайланып атады
Туған жердi аймалайды шырағы
Байтақ елiм – ұлы Қазақстаным
Ең бақытты балалардың Отаны -деп кезектi, балаларға берейiк
Балар ортаға шығып тақпақтарын айтады
Айсұлу:
Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Омар:
Сіздің атыңыз- Нұрсұлтан!
Туған елім-Қазақстан!
Біз сізден үлгі аламыз
Қазақстаныммен қуанамын!
Тәрбиеші: — Ал енді ел, жер, ер туралы мақалдарды кім айтады?
Мақал-мәтелдер.
Андрей: Отан, оттанда ыстық!
Жұлдызай: Ер-елінде, гүл- жерінде!
Нұржайна: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл!
Ернұр: Ер-елдің айнасы!
Камила: Ел іші-алтын бесік!
Тәрбиеші: -Елбасымыз Н Ә Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы обылысы, Қаскелең ауданындағы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте жақсы оқыған. Ол ұшқыш болуды армандады.
Міне тәуелсіздік алғалы 25 жыл өтті, қаншама өзгерістер өтті міне осының бәрі Елбасымызың арқасы екенін ұмытпайық.
Тәрбиеші: Балалар енді біз біраз серігіп алайық, олай болса бір ойын ойнайық «Шаңырақ» ойыны
Керегені жазайық,
Шаңырақты құрайық
Уықтай боп иіліп,
Киіз үйді құрайық!
Тәрбиеші: -Әр елдің өз рәміздері болады, сол сияқты біз өз рәміздерімізге тоқталайық.
Тәрбиеші: -Мынау біздің елтаңбамыз, онда шаңырақ, пырақ бейнеленген. Ал мынау не?
Балалар: — Ол біздің туымыз!
Тәрбиеші: — Туымызда не бейнеленген?
Балалар:— Күн, қыран құс және ою бейнеленген.
Тәрбиеші: — Туымыздың түсі қандай?
Біздің елордамыз қай қала?
Біз қай мелекетте тұрамыз?
Мемлекеттік тіл, ол қай тіл?
Міне ата-бабамыз аңсаған арманы орындалып, егеменді ел болып отырғанымыз, осының бәрі тұңғыш елбасымыз — Н Ә Назарбаевтің арқасында!
Біз қазақ халқы қашанда салт-дәстүрді, өнерімізді, жерімізді, өзен-көлімізді құрметтеген халықпыз, сондықтан шағын 2 мин түсірілім көріп тамашалайық.
(Фильм көрсету)
Тәрбиеші: Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп-кішкетай бишілер
Мың бұрала билейді – деп «Домбыра» биін қабыл алыңыздар
Би: «Домбыра»
Ән: «Астана » (балалар орындарынан тұрып ән айтады)
(Музыка әуенімен саз залына Әже кіреді залды бір айналып шығап ортаға тұрады)
Әже:
Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңі
Қазғымның мерекесі құтты болсын
Отаным жылдан жылға көркею
Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын
Тәрбиеші: Амансыз ба Әже! Біздің мерекеміз ұнады ма?
Әже: Әрине маған өте ұнады өркендерің өссін балалар. Үлкен азамат болындар. Біздің елде үлкен мерекеге шашылатын «Шашу» деп аталатын тамаша салт бар олай болса Шашу,шашу. (Кампит шашады)
Әже: Денсаулық зор, бақыт, ұлт арасында достық, елімізге тыныштық. Келесі кездескенше сау болыңыздар достар.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар сіздерді осы үлкен мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қазақстанымыз гүлдене берсін, заманымыз тыныш болсын. «Елбасым – мақтанышым» атты тәрбиелік сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Нигметова Динара Адилхановна,
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
тәрбиеші