Толғау
Мұнарға толып от денем,
Мұнарадай боп келем,
Тағдырдың жағалауынан
Тарих дейтін от көрем!
Тарих дейтін шоқ көрем!
Бұл аталмыш тарихтан
Кімдер кеп, кімдер өтпеген?!
Тұрақсыздық құрдымға
Кімдер ілесіп кетпеген?!
Тәуелсіздік тұғырға
Бәз біреулер жетпеген.
Елдікке жетем дегеннің
Көкірегінен теппеген.
Алайда, не бір сұмдарды
Сабаға салып тектеген.
Кейбірін салып сынаққа
Азаттықтан шектеген.
Қадірін білмейтіндерге
Елдіктің дәнін сеппеген.
Алмайды ешкім Елдікті
Қарадүрсін кекпенен.
Сол жолда талай қиналып
Кімдер мұңын төкпеген.
Сынақтан өткен ел ғана
Осы күнде көктеген.
Тарихтың да осындай
Қырлары бар көптеген.
Заманның зарлы жолынан
Қазағым сен де өткен ең.
Азаттық табалдырығына
Зарығып әрең жеткен ең.
Тарығып әрең жеткен ең.
Барды да көрген көппенен,
Жоқты да көрген көппенен,
Қазақтың аңғал көңілін
Кімдер келіп сөкпеген?!
Қазақтың кең пейілін
Кімдер пана етпеген?!
Ал енді тілеп Алладан
Бейбітшілікті беттеген
«Қазақтың Тәуелсіздігін
Мәңгілік ет»-деп келем!
Бұл мақаланы осы толғаумен бастау менің емес, кеудесін шаттық кернеген Тәуелсіз елдің азат ұрпағының ойы еді. Шабыт шіркіннің келмейтін жерде келіп, болмайтын жерде болатын әдеті ғой. Бір жағынан онысы да дұрыс. Сананың қолдан соққан өлі бейнесінен шабыттың жан бітірген тірі дүниесі артық емес пе?!
Иә, Тәуелсіздікті жырлаған, жазған, толғаған қазақ қаншама. Ал, менікі сол таудай болмаса да тарыдай ғана қосқан үлес қой. Үлес демекші, бүгінгі алаңсыз ас ішуіміз үлкен еңбекпен келгені менен гөрі қаймана қазақ сіздерге мәлім. Тәуелсіздікке әр кімнің, әр қазақтың қасқалдақтың қанындай болса да қосқан үлесі ұмытылмайды. Тіпті біз ұмытты деген күннің өзінде тарих ұмытпайды.
Ендігі аса зор көңіл аударатын, еңбек сіңіретін, жұмыстанатын мәселе – Елдікті сақтап қалу. Американың бұрынғы президенті Линкольн айтқан екен: «Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай, ал оны ұстап тұру қиынның қиыны» — деп. Ал қазақтың алдындағы міндет – Елдікті ұстап тұрғаны емес, оны шыңырау шегіне жеткізу. Атам қазақтың талайда кеткен есесін қайтару, яғни «тас атқанға ас ату» технологиясы. Осылайша, Қазақстанды әлемдік аренадағы ең мәртебелі елге айналдыру. Әрине, «Айтуға оңай», бірақ алтауды ала қылмай, төртеуіміз түгел болсақ, Алланың назары мен ықыласы бізде болмақ!
Осы орайда,Төле би бабамыздың мына өсиет сөзін тілге тиек ете кетуіміз керек:
«Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім,
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы».
Аллаға шүкір, жеріміз жетім емес. Жеріне ие болатын халқы бар. Қазақ даласы өсіп, өркендеп, жаһанға танылып жатыр. Десек те, шығын шықпай кіріс кірмейді. «Көршіңмен тату шекер бол, көңілі сенен қалмасын» демей ме?! Алысы-жақыны бар көршілерімізден жоғын алып, барын беріп отырған жайымыз бар. Ел ішінде «берді, таратты» деген әңгіменің желеуі естіп тұрғаны да рас. Алайда, мына заман алаған қолым берегеннің кері, оны түсінеді біздің дархан халқымыз.
Аллаға шүкір, еліміз жетім емес. Еліне ие болатын Елбасы бар. Елбасы. Көшбасшы. Жақсы сөз – жарым ырыс. Бүгінде тасымыздың өрге домалауында Нұрсұлтан Әбішұлының үлесі зор. Ел еркесіз, отар серкесіз болмайды. Сондай елді басқарып, алға жетелеп жүру үлкен іс. Әркімнің қолынан келе бермейді, егер елін, жерін сүймесе. Бізге жасаған еңбегі өте байсалды, халық білетін, ел танитын Нұрекең! Ол бастаған ісін аяқтамай сонау әлемге танытып, елу елдің қатарына кіру бүгінде әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру міне сол ағамыздың арқасы. Мен айтар ем қазекең – қой сияқты халық. Ал Нұрекең – шопан. Біздің шопан отарды жамыратпай, қасқырға талатпай, құнарлы жерге жайып, өзеннен алып өтіп бағып жатыр. Ал, халық оған болысып жатыр. Мұнымды әр кім өзінше түсінер, бірі«ақ» дер, «қара» дер, бірі астар іздер. Қалай дегенмен де Абайша айтқанда: « өз сөзім өзімдікі».
Ал бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақ тәрбиесімен аяулы аналарымыз бен ұлағатты ұстаздарымыз айналысып жатыр. Бұның бір дәлелі ретінде шахматшы кішкентай Жәния мен жас ақын Жамбылды алайық…
Иә, айта берсек көп…… Бірақ мұның барлығы біздің осындай көшбасшымыздың аянбай тер төгіп, ерен еңбегінің арқасы деп білем!
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін!
Венера Жумашевна Жолмухамбетова
Жаңаөзен қаласы, № 9 орта мектептің
тарих пәнінің оқытушысы