Home » Балабақша » «Екі иттің достығы» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Екі иттің достығы» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Ермаганбетова Айгуль Мухтаровна,
Астана қаласы
№62 «Нұрсәуле» балабақшасының
ІІ-санатты педагог-психологы

 

 

 

 

Мақсаты: Зейін тұрақтылығын қабылдау, есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыта отырып, бір – біріне қарым –қатынас жасаудағы кедергілерді жою арқылы, психологиялық және физиологиялық дамуына әсер ету, эмоциялық көңіл – күйді белсендіру, саусақ ойыны арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, логикасын дамыту,мектепке даярлығын тексеру, баланың дене белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: Тренинг -сабақ

Әдіс – тәсілдері: ертегі терапиясы, құм терапиясы, әңгімелесу, сұрақ-жауап, уқалау.

Көрнекіліктер: «Электронды киіз үй», итке арналған сүйек,құрғақ бассейн, жұмсақ жастықшалар, сиқырлы дөңгелекшелер, сарқырама, уқалауға арналған доптар, май шамдар, түрлі – түсті жарықтар, антистрес ойыншықтары, көпіршік шығаратын сұйық сабындар, кинетикалық құм, көңілді смайликтер, аквариум балық, жұлдыздар, пальма ағашы.

Тапсырмаға арналған құралдар: тапсырма жазылған ақ парақтар, тақтайша, пышақ, қол сүртетін орамал, қарындаш, интерактивті тақтамен жұмыс.

Кейіпкерлер: екі төбет:Ақтөс бен Мойнақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең.

Психолог:  Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің мәні ғой.

Алдыменен бәріміз,

Амандасып алайық.

Балалардың қонақтармен амандасуы: Сәлеметсіздерме қонақтар, қош келдіңіздер!

Мотивациялық кезең.

Психолог: Балалар, бүгін біз сендермен бір –бірімізбен қарым –қатынас жасаудағы кедергілерді арнайы тапсырма орындай отырып жойып, өзімізге жақсы эмоциялық көңіл –күй сыйлайық! Мен сендерге «Электронды киіз үйдің» алтын қорынан «Екі иттің достығы» атты ертегісін назарларыңа ұсынамын. Мұқият тыңдаңыздар.

«Электронды киіз үй» сөйлейді: —Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан  көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты. Ол байдың Ақтөс, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы мен өз тұрмысы өзінде болып, тамағы тоқ күншуақта үйдің есігінің алдында бір –біріне қарама –қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Олар жақсылық пен жамандық жөнінде, олардың қандай  болатындығы жайында, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бір-біріне сүйеніп, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түсіпті.

Сол уақытта тілмарсыған Мойнақ:

Кейіпкерлер ортаға шығады.

Мойнақ: —Достым, Ақтөс, мен ойлап тұрсам, осы өмірде татулықтан асқан жақсы нәрсе бар ма? Осы екеуміздің төбелеспей жүретін күніміз бар ма? Біз жоқ нәрсеге ырылдасып, жоқ нәрсеге таласамыз. Бірімізге –біріміз жылы шырайымызды көрсетпейміз, бір ойнап –күліп жүрмейміз. Күнде талас, күнде төбелес, осыменен күніміз өтіп барады. Кейде таласқанымыздан екеумізде тамақтан айырылып, Құтпан тартып әкетеді. Бізден Жолдаяқ, Құтпан, Бөрібасар бәрі де ынтымақшыл, бірінің аузын – бірі жалайды. Біріміздің қабағымызға біріміз қарап, күннің қалай өткенін білмей қалатын болсақ қайтеді? Осы сөзімізге не айтасың?

Ақтөс: —Досым Мойнақ, мұның әбден құптарлық сөз. Өзім де ойлаушы едім, осы екеумізге не жетпейді, тамағымыз тоқ, қайғы дегенді білмейміз. Солай бола тұра түкке тұрмайтын бір нәрсеге таласып, жұлысып –ақ жатқанымыз. Расында осы қылығымызды тасталық.

Мойнақ: — Екеуміздің достығымызды ешкім айыра алмас, тау күйіп, тас жанса да, аштан өлсек те, тамақ жағына таласпаспыз.

Достық құшақтарын айыра алмай тұрғанда,бай бір майлы омыртқаны топ еткізіп лақтырып жібереді де, бай шығып кетеді. Майлы сүйекті көргенде көздері жайнап, естері шығып,  құшақтарын жазып алға ұмтылысады. Тырнақтарымен сүйекті басып, бірінен –бірі қызғанып, ырылдаса, таласа бастайды. Бірін – бірі тістеп тартқан зардаптан жүндері аспанға ұшады, таласқан күйі екеуі екі жерде отырып қалады.

Психолог: Міне, балалар, екі иттің достығы сәтсіздікке ұшырады. Ал біз қарап отырмай олардың достасу үшін, ортаға шығып «Мейірімді жануар» жаттығуын бірге жасайық.

«Мейірімді жануар» жаттығуы.

Мақсаты: балаларды бауырмашылдыққа, белсенділікке , достыққа баулу.

Шарты: балалар бір –бірінің қолынан ұстап, өздерін бір мейірімді жануар деп елестетеді.

Психолог: —Балалар осы мейірімді жануардың тыныс алуына барлығымыз құлақ салайық. Бәріміз бірге ішке, сыртқа демаламыз.Өте жақсы. Оның жүрегі қалай соғатынын тыңдайық. Тук –алға қадам жасаймыз, тук – артқа қадам жасаймыз, тук-алға, тук-артқа…Өте жақсы. Рахмет.

Психолог:- Балалар, ертегі немен аяқталды?

Балалар:-Ақтөс мен Мойнақ сүйекке таласып, төбелесіп қалды.

Психолог: —Иә, дұрыс. Енді, біз екі итті достастыруымыз керек. Ол үшін біз біраз еңбектенуіміз керек.

Жұмбақ.

Адамға серік,

Күзетке берік.

Табанына тыз етіп

Жүрседағы сыз өтіп

Күні — түні ерінбей,

Үйді жүрер күзетіп.(ит)

 

Назарымызды суретке аударайық. Экраннан иттің суреті көрсетіледі.

Тәжірибелік кезең.

1.Тапсырма: «Нүктелерді қос». Балалар, алдарыңдағы парақта нүктелерді рет-ретімен қосу арқылы бейне шығарасыңдар. Ал, кірісіңдер. Балалардың суретіне жеке –жеке назар аудару. Мадақтау.

Психолог: — Ептілікке, ақыл – ой қызметіне, шапшаңдыққа, дыбыстауға, жүйкені тыныштандыруға әсер ететін зат бар. Домалатып ойнайтын, ол не деп ойлайсың?

Балалар:  —Доп.Олай болса біз доппен жаттығу жасап, иттерді достастырамыз.

2.Тапсырма: Суджок терапиясы

Мақсаты:-Балалардың барлық  дене мүшелерін емдік жолын, тіл мүкістігін түзету,саусақ қимылдарын дамыту:

Айналдырғын добыңды,

Қытықтасын қолыңды.

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек- апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек сен.

Кетпеш добым домалап,

Тыным таппай жорғалап.

Кетпеш енді қағынып.

Қалма енді жарылып.

Сергіту сәті. «Күн» (интерактивті тақтамен)

  1. Тапсырма: «Түрлі- түсті жұмсақ ермексаз»

Мақсаты: Балаларды жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға дағдыландыру, достыққа, сыйластыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шарты: Досыма түрлі-түсті жұмсақ ермексаздан сыйлық сыйлаймын.

Артикуляциялық жаттығулар. «Ат шауып келеді»

Балалардың мектепке дайындығын тексеру

1-Тапсырма: «Төртінші артық»

2-Тапсырма: «Не өзгерді»

3-Тапсырма: «Жұбын тап»

4-Тапсырма: «Логикалық тапсырма»

5-Тапсырма: «Тығылған дыбысты тап»

Көңілді музыка ойналып тұрады. Балалар бүгін біз иттерді достастыру үшін, біраз еңбек еттік. Енді қолымызға үлкен сөмкелерді алып, оған біз жағымсыз көңіл күйді, ренішті, ашуды, шаршауды, сол сөмкеге салып қоямызда, сиқырлыжолды басып, сиқырлы үйге тынығуға барамыз.

Балалар сиқырлы  жолдардан секіріп басып өтіп, сиқырлы үйге кіреді. Релаксация: Баяу музыка ойналып тұрады.

Психолог: —Балалар, қараңдаршы, не деген керемет! Бізге мында демалу үшін барлық жағдай жасалған. Қараңдаршы, сиқырлы бассейн бар екен, жақын келіп қолымызбен ұстап көріп, сезінеміз. Балалар қолдарымен ұстайды. Кімнің сиқырлы бассейнге жүзгісі келіп тұр. Балалар кезекпен құрғақ бассейнде қимыл-әрекет жасайды. Әр бала өздерінің көңілдерін көтеріп, әрбір құралмен жұмыс жасайды.Құм терапиясымен айналысады, құрғақ бассейнде жатады,  антистрессойыншықтармен ойнайды,  екі ит сабынды көпіршіктерді үрлейді. Осыдан кейін сиқырлыжол басып, түрлі-түсті сарқырамаға келеді. Балалар сарқырама ішіне кіріп, жоғары қарап ленталарды қолмен айналдырып, не сезінгенін айтады. Соңынан барлығы жастықшаларға жатып, көздерін жұмып демалады. Балалар орындарынан тұрып, бір -біріне жымиып күліп қолдарынан ұстайды, бір-біріне рахмет айтады.

Қорытынды кезең. Рефлексивті.

Балаларды бағалау. Мадақтау.Сыйлықтар беру.

Психолог:- Сау болыңдар, балалар! Сау болыңдар қонақтар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.