Home » Сценарийлер » «Екі жұлдыз» өнер байқауының сценарийі

«Екі жұлдыз» өнер байқауының сценарийі

Қосымбаева Жұмагүл Қарасайқызы
№ 13 Т.Г.Шевченко атындағы орта мектептің
І санатты музыка пәнінің мұғалімі

 

 Күні: 07.02.2017 ж.

Өтетін орны: Мектеп акт залы

(Слайд көрсетіліп, музыка ойнап тұрады)

1 — Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» өнер байқауына қош келдіңіздер!!!
2 — Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып өнер көрсетулерін тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар.  «Көрермен көзайымын»өздеріңіз таңдайтын боласыздар . Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
1 — Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айымбетова Ақбота мен 8 – сынып оқушысы Әбілдаева Айман

  1. Шет тілі пәнінің мұғалімі Өтеулі Айдана мен 10 – сынып оқушысы Шарапатов Бейбарыс
  2. Тарих пәнінің мұғалімі Құлманов Оңайбек пен 11 – сынып оқушысы Байжанова Ұлбосын
  3. Биология пәнінің мұғалімі Қалыбекова Бейбіткүл мен 10 – сынып оқушысы Нұрбай Шыңғыс

2 – Жүргізуші: Әр түрлі жанрда өлең оқитын жұптармен таныс болыңыздар:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлепов Нағашыбай мен 8 – сынып оқушысы Әлжанова Аяжан
  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өмірбаев Әділжан мен 11 – сынып оқушысы Мырзағалиев Дарын
  3. География пәнінің мұғалімі Қыстаубаев Алтынбек пен 8 – сынып оқушысы Оңғарова Гүлшат

1 – Жүргізуші: Бүгінгі кеште би билейтін жұптармен де таныстырып өтейік:

  1. Химия пәнінің мұғалімі Ақтанова Қарагөз бен 10 – сынып оқушысы Маханбетова Аяжан
  2. Бастауыш сынып мұғалімі Алдоңғарова Нұржамал мен 4 – сынып оқушысы Нұрланбекқызы Нұрай
  3. Шет тілі пәнінің мұғалімі Түйтеева Гүлмира мен 10 – сынып оқушысы Жаңабаева Арайлым
  4. Бастауыш сынып мұғалімі Сайжанова Салтанат пен 3 – сынып оқушысы  Марат Нұрай
  5. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұрбаева Ләззат пен 10-сынып оқушысы Ерсайынова Бибақыт

2 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1. Досаханова Ләззат – оқу ісі жөніндегі орынбасар
2. Баймұратова Жанбота – бейінді оқыту жөніндегі орынбасар
3. Есжанова Ләззат – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

1 — Жүргізуші: Екі жұлдыздың  сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ортада Ләззат пен Бибақыт «Үнді» биімен.

2 — Жүргізуші: Қошемет көрсетіп қоялық.

1 — Жүргізуші: Келесі жұпты қарсы алайық.  Айымбетова Ақбота  мен Әбілдаева Айман «Айта берсін» әнімен ортада

2 — Жүргізуші: Енді кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Ортада Қаракөз бен  Аяжан   «Испан» биімен

1 — Жүргізуші:  Сахнаға қара сөздің майын тамызатын Нағашыбай ағай мен Аяжанды шақырамыз.

2 — Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?

1 — Жүргізуші: Сахна төріне қонақ ретінде мектебіміздің жарасымды жұбы Балмаханов Мирхан мен Қалыбаева Жанарды Ә. Бейсеуовтің «Сырласу вальсі» әнімен   шақырамыз.

2 — Жүргізуші: Қошеметтеп отырайық

1 — Жүргізуші: Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар, Құлманов Оңайбек пен Байжанова Ұлбосын. Бұл жұп орыс әндерінен поппури орындамақшы.

 2- Жүргізуші: Келесі жұпқа қошемет көрсетіп отырайық, Нұржамал мен Нұрай «Өзбек» биін билейді.

 1 — Жүргізуші: Ендігі жұпта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өмірбаев Әділжан мен көңілді тапқырлар клубының белді мүшесі  Мырзағалиев Дарын өнер көрсетеді.

2 — Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
1 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер, байқауымыздың келесі бағытына  ауысамын дегенше, ортаға қонақ ретінде келіп отырған тамаша жұпты шақырамыз. Олар: Мейірімхан апай мен ұлы Сағыныш қазақтың  халық  күйі  «Келіншекті» тарту  етеді.

2 — Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы ағылшын әнінен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат. – демекші,
Сахна төріне Өтеулі Айдана мен Шарапатов Бейбарысты шақырамыз

1 — Жүргізуші:  Гүлмира мен Арайлымның орындауында  « Қазақ биін» тамашалаймыз

 2 — Жүргізуші: Ал, енді сайысымыздың  келесі қатысушылары Алтынбек пен Гүлшат драмадан үзінді оқиды.

1- Жүргізуші: Қазылар не дейді екен?
2 – Жүргізуші: Ортада Бейбіткүл мен Шыңғыстың жұбы. Олар сазды гитараға қосылып, ән шырқайды.

1 — Жүргізуші: Бишілер бірінен – бірі өтеді, ендеше Салтанат пен Аяжан ортада «Үнді» биімен

2 — Жүргізуші: Қазылар пікірлеріңіз.
1 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше өнерлерін ортаға салды. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп, кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Қазылар алқасы өз шешімін шығарамын дегенше, бүгінгі сайыстың тағы бір қонағын ортаға шақырайық. Мектебіміздің көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, аудан, облысқа танымал әнші Жұмагүл апай мен қызы Әлия әннен шашу шашады. Қошеметпен қарсы алайық.
2 — Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметпен әділ қазылар алқасын шақырамыз.
1 — Жүргізуші:  «Екі жұлдыз» әнін барлық қатысушылар бірге орындайды.

2 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.

 

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.