Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса
Бірін — бірі жамандықтан сақтамаса
(Әбубәкір).
Күндердің күнінде, Ербол және Алмас есімді екі дос болыпты. Екеуінің де сүйікті істері жүзу екен. Бір күні олар үлкен өзенге жүзуге бірге барады. Өзенде шомылып жүзіп жүргенде қатты жел соға бастайды. Олар бағытынан жаңылысып, Ерболдың әлі құрып, жүзе алмай өзенге батып барады. Оны көрген Алмаз, лезде есін жинап, бар күшімен Ерболды құтқаруға асығады. Ойлағандай досын құтқарады. Ербол досының шынайы, адал дос екеніне көз жетіп және ризашылығын білдіреді. Өмірінің соңына дейін қарыздар екенін айтады.
Сонда Алмаз, достым өмірден ұққаным: досты ешқашан тар жолда тастамау керектін, әрдайым қол ұшын созуды, қиналғанда демеу болуды, қуанышта да, қайғыда да қалқан тәрізді қасқайып тұру керектігін түсіндім. Сонда ғана достық ұзақ жылдар бойы сақталады. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген осыдан шығар. Ербол досының адал екеніне риза болады. Екі достың достығы ұзақ жылдар бойы сақталыпты.
Жарылқасын Сымбат Болатқызы
«Болашақ» мектебі
5 «ә»-сынып оқушысы
Жетекшісі: Шагирбаева Жулдыз Алмасханова