Home » Эссе » ЕКІБАСТҰЗ — АҢЫЗ ҚАЛА

ЕКІБАСТҰЗ — АҢЫЗ ҚАЛА

Әр адамның туған жері бар. Нақты осы жер оны елінің өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті, балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Отан-отбасынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала…
Менің қаламның тарихы мүлдем өзгеше. Ертеде бір ауылда қойшы қой бағып жүріпті. Күздің бір суық күні қойшы қатты тонып, от жақпақшы болыпты. Ол құрғақ ағаш бұтақтарын жинап бір жерге үйіп қояды. Бойы жылынған соң, ұйықтап қалады. Таңертең оянса, міне, қызық… Оты сөніп қалыпты, бірақ жан-жағындағы тастар жанып жатыр екен.  Қойшы бұл тастар жай тас емес екенін түсініп, сол жерді ұмытпау үшін белгі қойып кетеді.  Ол сол жерді аттың басымен және бір жұмыр тұзбен белгілейді. Содан бері сол жерге үлкен қала салынып, «Екі – бас — тұз» қаласы деп аталған екен.
Менің туған қалам Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Ол — облысымыздағы ең әдемі әрі бай қалалардың бірі. Екібастұзда жер асты байлығы — тас көмір өңдіріледі. Мұнда алып МАЭС №1, №2 және үш бірдей кеніш орны жұмыс жасайды. Екібастұз қаласы – кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы.
Туған қаламызды біз де мақтан етеміз. Мен өскенде, қаламның  дамып, гүлденуіне өз үлесімді қосуды армандаймын. Туған жер — құтты мекенім әрдайым көркейіп, қуанта бер!

Мансұр ДАУЫТБАЙ,
№11 орта мектептің 2 «А» сыныбының оқушысы,
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.