Егіндікөл ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының спорт шебері Ілияс Сүлейменовтың кубогы үшін облыстық бокс турнирі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Егіндікөл ауданының мәдениет үйінде бокстан ҚР үш дүркін чемпионы, 2010 жылғы Әлемдік Қарулы Күштер чемпионатының және 2011 жылғы Азия чемпионатының финалшысы, Азия ойындарының, ҚР Президенті Кубогының екі мәрте жеңімпазы, Лондондағы 30-шы Олимпиада ойындарының қатысушысы, көптеген «A» класындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы Целиноград облысының Краснознаменский ауданы, Жалманқұлақ ауылының тұрғыны — ҚР спорт шебері Ілияс Сүлейменовтың кубогына балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық бокс турнирі өтті.
Атақты жерлестерінің құрметіне жарысты аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және депутаттық корпустың, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, жастар ресурстық орталығының, сондай-ақ мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Егіндікөл ауданының әкімдігі ұйымдастырған.
Турнирге Атбасар, Бұланды Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Астана қаласының боксшылары қатысқан.
Облыстық жарысқа аудан тұрғындары, Егіндікөл ауданының әкімі – Нариман Төлепов, аудандық мәслихаттың хатшысы – Бегендік Әбілов, қызметтер мен ведомстволардың басшылары, ЖШС директорлары және шаруа қожалықтарының басшылары шақырылды. Турнирдің салтанатты ашылуында дәстүр бойынша Ілияс Сүлейменовке жерлестерінің атынан шапан кигізілді. Аудан әкімі өз кезегінде Ілиясқа қол жеткізген жетістіктеріне тоқтамай, жанкүйерлерді өз жетістіктерімен әрі қарай да қуанта беруін тіледі.
Айта кету керек, жүлделі орындардан бөлек, үздік техникасы үшін Қорғалжын ауданының боксшысы – Нұрдәулет Кәртенбай, жеңіске деген талпынысы үшін елордалық Рамазан Баймұратов, ең әдемі ойыны үшін Егіндікөл ауданынан Герман Федоров марапатталды. Ал аудандық «Нұр Отан» партиясының бөлімшесінен көрермендердің көзайымы деп Никита Чертолин, Артем Падалко (Егіндікөл) және Бекзат Давлятов (Қорғалжын) танылды.
Жарыстың жеңімпаздарын Ілияс Сүлейменов өзі марапаттап, жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар, бағалы сыйлықтар берілді.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі