«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 16 ақпан күні «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – егемен елдің шежіресі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен танысу мақсатын көздеген дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кеңесшісі, партия ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Есберген Іңірбайұлы, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандары мен профессорлық-оқытушылық құрамы және курс тыңдаушылары қатысты.
Шара аясында қатысушылар назарына Елбасы кітаптарынан жасақталған «Тарихи өрлеу бастауында» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Алғашқы сөзді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Индира Жұмағалиева мен «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы алып, егемен еліміздің шежіресі баяндалған кітаптың маңыздылығын айтып өтті.
Кітапта егемен елдің қалыптасу кезеңі төрт бөлімге топтастырылған. Баяндамашылар «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу.
Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» бөлімдеріне таныстырылым жасады.
Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар құнды кітапты жоғарғы оқу орындарының, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне таныстыруды, сынып сағаттарына материал ретінде пайдалануды ұсынды.
Р.ЖҮСІПОВА,
Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары
жөніндегі бөлімнің бас маманы