1-желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай «Алтын балық» бөбекжайында «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілікті ҚР Мемлекеттік Гимнін айтудан бастаған балалар Елбасына арналған әндерін әуелете шырқаған әнімен, мың бұралта билерімен билерімен ертеңгіліктің көркін қыздыра түсті. Бір сәтте өз ұлтын ұлықтаған бабалар өміріне сыр шерті, Елбасына арналған тақпақтарын айтты.
Тәрбиеші ұстаздар балғындарға арнап егемен еліміздегі елеулі оқиғалармен, Елбасының табысты жетістіктері туралы мағұлматтар әзірлеп, көрсетті. Үш тілде ән, шырқап, тақпақ айтқан балдырғандар өнеріне тәнті болған көрермендер, қол соғып қошемет көрсетіп, ризашылықтарын көрсете білді.
Әрдайым балдырғандарды елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелей білетін «Алтын балық» бөбекжайында кез-келген мерелер мен іс-шаралар өз дәрежесінде ұйымдастырылып отырады.
Нурмаганбетова Гулжанат Шакратовна
Қызылорда облысы, Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының әдіскері